• Басты
  • Қоғамдық көлікте қозғалудың талаптары қандай
13 Мамыр, 2020 11:22

Қоғамдық көлікте қозғалудың талаптары қандай

Елордада 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің қозғалысы басталған болатын. Автобус жүргізушілері мен жолаушылар қандай талаптарды ұстануы қажеттігін автопарк директоры түсіндіріп берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қоғамдық көлікте қозғалудың талаптары қандай

CTS ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов автобустардың қозғалысы туралы айтып берді.

   «Барлық қоғамдық автобустар іске қосылды. Оның ішінде 104-ші бір экспресс автобус бар. Қалған қаларалық автобустар мен экспресс автобустар жүйеге қосылған жоқ. Орташа есеппен 600-650 автобус қозғалысын бастады. Осы аптада біз жағдайды бақылаймыз. Орташа көрсеткішті есептей отырып, жедел шешім қабылданатын болады», - деді ол.

 Сондай-ақ, Б.Сейітов жүргізушілер жұмысқа шықпас бұрын тестілеуден өткенін айтты.

«Қоғамдық көлік қосылардың алдында барлық жүргізушілер тестілеуден өтті. Тағы да қосымша тест жасау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық жолаушылар маскада болу керек деген талап бар. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүрушілер алдыңғы есіктен кіріп, ортаңғы және артқы есіктерден шығады. Қолма-қол ақша қабылданбайды», - деді ол. 

Өз кезегінде 1-ші автобус паркінің директоры Нұрмахан Пулатов ТЖ енгізілгелі республика мен елорда бойынша қоғамдық көліктер тоқтап тұрғанын жеткізді.

 «Бас санитардың шешімі бойынша 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер іске қосылды. Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды қамтыдық. Кеше таңертең барлық бекітілген автобустар іске қосылды. Автобус паркінің барлық қызметкерлері және жолаушыларымен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді ол.

 Сондай-ақ, ол барлық экипаж қажетті санитарлық жабдықтармен қамтылғанын айтты.

 «Автобус жүргізушілері маска мен қолғаптармен қамтамасыз етілген. 28 наурыздан бастап балалар тегін жүре алады. Осыған байланысты да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілер жолаушылар картасыз кірген жағдайда да қандай әрекет жасайтындарын біледі. Автобустан шығарып жібере алмайды. Қалада қоғамдық көлікке сұраныс бар екені көрінді. Әрбір автобус жұмыс күнінен кейін журналда белгілену арқылы толық дезинфекциядан өтеді», - деді Н.Пулатов.

Ол атап өткендей, парк аймағында бірқатар медициналық пункт бар.

«Автобус жүргізушілері таңертең және кешке тексеруден өтеді. Олардың қысымы мен байланыссыз жүргізушінің жағдайы тексеріледі. 55-тен асқан азаматтар уақытша демалысқа кетті. Жағдай жақсарған соң оларды да жұмысқа тартатын боламыз. Олар үйде отырған кезде 42500 теңгені екі ай төледік», - деді ол.

  Н.Пулатов автопарктің барлық жолаушылары мен қызметкерлері сәуірдің соңында экспресс тестілеуден өткенін айтты.

 «6-шы емханада барлық қызметкерлерімізді тексердік. Оның ішінде бірқатар қызметкерден вирустың болуы ықтималдылығы байқалды. Бірақ, кейін қайта тексеру кезінде ол расталмады. Медициналық пункттер, диспетчерлік орталықтар 2 рет толық кварцтаудан өтеді», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар
3.238.184.78, 192.168.88.100