- Басты
- Жаңалықтар
- Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бүгін Алматы қаласының кәсіпкерерімен кездесіп, ашық диалог құрды. Кездесуде кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алудағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Антикор басшысымен кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, «Алматы - адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің, арнайы мониторинг тобының және олардың филиалдарының жетекшілері қатысты. Шақырылған қонақтар қатарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Агенттік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Игорь Рогов болды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметі бақылауда. Антикор төрағасы Қарасай және Іле аудандарының ауылдық округ әкімдіктерін аралап, мемлекеттік қызмет көретудегі жұмыстарды пысықтады. Ол әкімдерге қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшудің тиімділігін айтып, ұсыныстар берді.
Қарасай ауданы Береке кентінің Мәдениет үйіне барған Алик Шпекбаев өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында басталған «Парасат жолы» жобасының Алматыда жалғасын тапқанына куә болды. Айта кету керек, бұл жоба антикор және Мәдениет пен спорт министрлігінің бірлескен жобасы. Жергілікті тұрғындар жобаны құптайтынын жеткізді. Олардың пікірінше, қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілету жұмыстары жүргізілу керек.
Сондай-ақ, Төраға Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Алматы облысының азаматтық сектор, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараға ақпараттық-ағарту штабының, арнайы мониторингтік топтың өкілдері, облыстың Филип Моррис Қазақстан, Маревен Фуд Тянь-Шань, Азия Агро фуд және т.б. ірі өнеркәсіптік және азық-түлік компанияларының басшылары қатысты.
Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда азаматтық бақылауды күшейтудің және азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимылда негізгі екпін алдын алу шараларына қойылады. Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді құрал ретінде комплаенс-қызметтер институтын заңнамалық айқындауға назар аударды, сондай-ақ жеке компаниялардың басшыларын осы жүйені өз кәсіпорындарына енгізу қазіргі жұмыс талабы» , - деді Алик Жатқамбайұлы.
Таза қоғамды қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметкердің оның ішінде басшының ары, ойы, жүрегі, қолы таза болу керек. Сол кезде ғана мекемелерде жемқорлық болмайтынын айтты.
«Белсенді азаматтық қоғамсыз жемқорлықты азайту, тіпті оны түбегейлі жою туралы айтудың еш мәні жоқ. Сондықтан біз қоғамдық серіктестерді таңдауда және оның санына қатысты өзімізді шектемейміз. Бүгінгі таңда Агенттік 80 мыңға жуық сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділер мен еріктілердің қолдауына ие. Олардың қайтарымсыз қызметі азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесті. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, жұмысты жалғастырып, алдын алу қызметін күшейтеміз. Тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру керек. Ол үшін сервистік қызмет түрлерінің бірнеше бөлігін электронды форматқа ауыстырған жөн", - деді ол.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері

