- Басты
- Жаңалықтар
- Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды
Елорда аудандарының әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшілерді тағайындады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Атап айтқанда, кәсіби медиатор Ғалым Аққасов Есіл ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, кәсіпкер және белсенді тұрғын Максим Николайчук Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі, «Жанару» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының екі өкілі, адвокаттар Азамат Рахымбеков пен Мұратбай Жупбаганбетов Алматы және Байқоңыр аудандары әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды", делінген хабарламада.
Бұдан былай елорданың әр ауданында кеңесшілер тұрғындармен және әкімдікпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі. Олар сондай-ақ ішкі сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтарға жайлы жағдай жасау мақсатындағы «Адалдық алаңы» жобасы аясында аудан әкімдіктерінің жұмысын үйлестіретін болады.
Еске сала кетейік, 2018 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қала әкімдігінің бастамасымен, жақында қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов басқаратын «Астана – Адалдық алаңы» жобасы іске қосылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты
-
Қоғамдағы кибербуллинг құбылысы
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер
-
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді
-
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты

