• Басты
  • Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады
25 Ақпан, 2020 15:16

Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Фульвио Мартушелло бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясын қабылдады, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі. 

Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Еуропалық Одақ біздің еліміздің стратегиялық әріптесі саналады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюсселмен ынтымқтастық мәселесіне ерекше зор көңіл бөліп келеді. 

Осы сыртқы саяси бағыт ұстанымдарын қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастыруда. 

Н. Нығматулин ынтымақтастық орнаған 27 жыл ішінде өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатқанын алға тарта келіп, 1 наурыздан бастап толықтай күшіне енетін Кеңейтілген әріптестік туралы Келісім Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты қатынас тарихында жаңа кезең басталғанын білдіретінін және қазақстандық-еуропалық байланыстың барлық қырлары бойынша байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін баса атап өтті.

Өз кезегінде Мартушелло Қазақстанды Еуропа бойынша стратегиялық, ал, Орталық Азия деңгейінде көшбасшы ел ретінде жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстанның адам құқығын қорғау, алға ұмытылу жолындағы батыл қадамдары қызығушылылық туғызатынын айтты. 

Мәжіліс Спикері Еуропалық Парламентте алғаш рет Қазақстанмен достық тобы жұмыс бастағанын алға тарта отырып,  әріптес тараптың парламентаралық диалогты нығайту ниеттеріне қолдау білдірді. 

 Одан әрі «Қазақстан Респубикасы – Еуропалық Одақ» парламентаралық ынтымақтастық комитеті, достық тобы және партияаралық іс-қимыл аясында етене байланыс орнату маңыздылығына тоқталды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды