• Басты
  • Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус

Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус

20 Сәуір, 2021 13:34

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев пен Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар» туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 



Бірыңғай жүйеде нотариаттық құжаттар басқаша сақталады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы жыды ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен нотариат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы Заңдарға қол қойған болатын.

ҚР Әділет вице-министрінің айтуынша, қабылданған түзетулерді жасамас бұрын қолданыстағы заңнама мониторингінің нәтижелері және құқық қолдану практикасына талдау жасалған. Ол нотариустарға қатысты жаңалықтармен бөлісті:

«2022 жылдан бастап Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық құжаттарды сақтау үшін орталықтандырылған электрондық репозиторийді құру жоспарлануда. Болашақта нотариустар қағаз мұрағатынан бас тартады», - деп электронды форматтың енетінін айтты.

Осы жылы 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық енгізіледі.

«Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалан мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша күәландырылған  болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез-келген нотариусқа жүгіне алады», - деді.

Бұдан басқа, әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі, ол бірегей болып табылады және құжатты бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз етеді.

«Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді және керісінше, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді», - деп қосты Азамат Әмірғалиев.

Демек, енді азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері өтеулі негізде және нотариаттық іс-әрекеттерге байланысты емес құқықтық сипаттағы басқа да мәселелер бойынша нотариустардың консультацияларын алуға құқылы.

Нотариаттық құпияны сақтауға міндетті адамдар тобы құрылатынын да айтып өтті. Әмірғалиев хабарлағандай, шағымдарды республикалық деңгейде қарайтын орган заңды түрде бекітілді.

«Енді жергілікті жерлердегі тәртіптік комиссиялардың шешімдерімен келіспеген жағдайда азаматтарға жаңадан құрылған органға шағымдануға мүмкіндік берілді», - деді ол.

Жылжымайтын мүлікке құқықтар басқаша тіркеледі

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша да өзгерістер бар.

Соңғы төрт жылда осы саладағы әкімшілік өндірістердің айтарлықтай төмендеген. Бұл меншік иелерінің мүліктерін уақытылы тіркегенін және құқықтарын толыққанды іске асырғанын растайды.

«Осыған орай, алты айлық мерзімді өткізіп алған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік алып тасталды. Жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып заңды түрде айқындалды», - деді вице-министр.

Бұрын меншік иесі жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алып, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келіп, ескі үйді бұзып, жаңасын салған. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауы салынған үйге құжатты заңдастыруды қиындатты.

«Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтерді уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді.Құқық ауыртпалықтарын, заңдық талаптарды тоқтатуды тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл меншік иелеріне өз мүлкіне жедел билік етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Айтпақшы, нотариаттық емес мәмілелер бойынша құқықтарды электрондық тіркеу сәтті енгізілді. Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жылжымайтын мүлікке кепілді электрондық тіркеу бойынша пилоттық жобасы іске қосылды.

Жергілікті атқарушы органдар беретін жекешелендіру шарттары негізінде құқықтарды электрондық тіркеу пысықталуда.

«Өз кезегінде, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу алдағы уақытта жылжымайтын мүлікпен жасалатын барлық мәмілелерді тіркеуді электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. Бұл халықтың уақыт және қаржы шығындарын едәуір қысқартады», - деді заңгер.

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізу реті

Нотариаттық палатаның төрайымы саладағы цифрландыру барысын сөз етті. Оның айтуынша, нотариатты цифрландыру тренді осыдан он жыл бұрын бұндай мүмкіншіліктің инфрақұрылымын дайындауға себеп болған Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің  құрылған сәтінен басталған.

Енді бұл салада айтарлықтай өзгерістер болмақ.

«Заңмен Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің  қызмет етуіне байланысты ондағы мәліметтердің енгізілуіне, мәтініне, оларды беру талаптарын регламенттейтін, сонымен қатар айтылған жүйені техникалық-жүйелік қамтамасыз ететін және оны сүйемелдейтін тұлғалар мен нотариаустардың бір қатар міндеттері  баптар қарастырылған», - деді ол.

Енді бірыңғай нотариаттық жүйе мына ақпараттардан тұрады:

- нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінен;

- мұрагерлік істер тізілімінен; 

- өсиеттерді есепке алу тізілімінен;

- электронды нотариаттық репозиторийдан турады.

Дегенмен нотариустар: 

- нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде олардың жасалғаны туралы;

- мұрагерлік істі ашқаны туралы;

- өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді БНАЖ енгізуге міндетті болып табылады.

Аталған мәліметтерді енгізу мерзімдері бар. Нотариаттық іс-әрекеттің жасалғаны туралы мәліметтерді - дереу түрде, мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді нотариус тиісті өтініштер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей енгізу қажет болады.

Пандемия кезіндегі экстерриториалық принципі

Республикалық нотариаттық палатаның http://notariat.kz/  және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің http://enis.kz/CheckTestament сайтындағы мұрағатта ашылған мұрагерлік істерді, куәландырылған сенімхаттарды 2018 жылдан бастап, ал 2020 жылдан нотариустармен жасалған куәландыру жазбаларын ашық түрде тексеруге мүмкіншілік берліген.

«Экстерриториалық принципі азаматтардың уақыты мен қаражаттарын үнемдейтінің атап өткім келеді, оларға өзі тұрып жатқан елді мекенде отырып республиканың басқа жеріндегі жылжымайтын мүлкін рәсімдеуге мүмкіндік береді», - деді Әсел Жанәбілова.  

Аталған жағдай пандемия кезінде ерекше өзекті болды. 

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар дәуірі аяқталды

2016 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген Қазақстанда электронды құжаталамасуды белсенді жетілдіру, мәмілелерді жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште және де электрондық нысанда жасау құқығы нотариустарға нотариаттық іс-әрекеттерді электронды нысанда жасау кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын немесе графикалық планшеттерді пайдалану құқығын заңнама жүзінде бекітуге мімкіндік берді.

«Қағаз жеткізгіштегі құжаттар бірте-бірте артта қалып бара жатыр: оларды үнемі өзіңмен алып жүруге ыңғайсыз, ылғи жалғыз данадағы құжатты жоғалтып алу және бүлдіріп алу қауіпі болады», - деп атап өтті нотариус маманы.

Заңмен мәні қағаз жүзіндегі құжатқа тең толығымен материалсыздандырылған электрондық түрдегі құжатты құру көзделген. Нотариаттық құжатқа электрондық тізілім арқылы құрылатын, автоматты түрде деректер қорында тіркелетін және кейін өзгертуге жатпайтын, бірегей идентификациялық код - QR-код беріледі. Бұл құжатты бұрмалаудан сақтауға мүмкіндік береді.

«Вице-Министр өз баяндамасында айтқандай, Заңмен нотариуспен дайындалған электрондық түрдегі құжаттың қағаз жүзінде құжатқа, сонымен қатар қағаз жүзіндегі құжаттық электрондық түрдегі құжатқа теңділігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекет енгізіледі», - деп қосты Жанәбілова.

Тәжірибе жүзінде бұл нотариусқа қағаз жеткізгіштегі құжат ұсынылады. Нотариус оның электрондық түрдегі бейнесін жасайды және олардың теңділігін растайды, яғни бұл екі құжат мәтіндерінің ұқсастығын растайды. 

Нәтижесінде бастапқы және туынды құжаттардың тең заңдық күші белгіленеді.

Нотариус электронды түрде келіп түскен құжатты қағазға түсіріп, оның бірдейлігін куәландырады. Сонымен қатар электронды құжатты жасатқан тұлғаның қолы тексеруден өткені туралы көрсетеді. 

«Мысалы, кімде кімге сенімхатты бір қаладан екінші қалаға жеткізу қажет. Тұлға сенімхатты куәландыру үшін нотариусқа жүгінеді. Нотариус сенімхатты электронды түрде жасайды және онымен жасалған сенімхаттың мазмұнының барабарлығының қағаз нұсқасын электронды түрде растайды. Нотариус басқа қалада кері рәсімін жасайды», - деп мысал келтірді заң маманы.

Спикерлер түсіндіріп өткен бұл өзгерістер «сандық айналым» үшін сенімді құқықтық құрал құруға, электронды түрде қауіпсіз мәмілелерді қорғалған және кедергісіз ортада жасауға мүмкіндік береді. Осындай құралдардың тиімді жұмыс жасауының кепілі болып қазіргі сандық технологиялар дәуірінде азаматтардың құқықтары мен меншіктерін қорғауды жалғастырып келе жатқан нотариус болып саналады. 

Бүгінгі нотариаттың үлгісі, бұл белсенді нотариаттың кейіпі. Оның шеңберінде азаматтық айналымдағы барлық қызығушылық танытқан қатысушыларға кешенді заң көмегін көрсету мақсаты қойылады. 

Барлық жаңалықтар