- Басты
- Жаңалықтар
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығметжан Мақажанов өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңның жаңа нормаларына түсініктеме беріп өтті. Оның дерегінше, тексеру нәтижелері бойынша 100 млн теңгеден астам сомаға 747 әкімшілік айыппұл салынған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығметжан Мақажанов өнеркәсіптік қауіпсіздік ортақ іс және бизнестің, қоғам мен мемлекеттің бірлескен жауапкершілігі аймағы болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, бұл жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйі екенін жеткізді.
Сонымен қатар, ол 2021 жылғы 1 сәуірде Мемлекет басшысы"өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды. Қабылданған новеллалар заңнама нормаларын жетілдіруге, қауіпті объектілерде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін реттеуге бағытталған атап өтті.
Оның айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік ұлттық экономиканы жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыру және экономиканың өсуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау өнеркәсіп салаларындағы техногендік апаттардың алдын алу мақсатында Республиканың қауіпті өндірістік обьектілерінде қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Комитет төрағасы қадағалау қауіпті өндірістік обьектілерін және қауіпті техникалық құрылғылардың пайдаланатын ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын сақталуына текеру жүргізу арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.
Осы бағыттағы негізгі міндеттер:
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2. Қауіпті өндірістік объектілердегі апаттар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу болып табылады;
Нығмеджан Мақажановтың дерегінше, Қадағалау қызметі аясында есепті кезеңде ерекше тәртіп бойынша 630 тексеру және жоспардан тыс 371 тексеру жүргізілген.
«18 640 объект тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша 17 588 бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша инспекторлар жедел ден қою шараларын қабылдайды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, ұйғарымдар шығарады», - деді Мақажанов.
Қадағалау қызметінің нәтижелері
Сондай-ақ, тексеру нәтижелері бойынша 100 млн теңгеден астам сомаға 747 әкімшілік айыппұл салынған. Оның мәліметінше, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін инспекторлар 280 объектіні тоқтатқан екен.
Сонымен қатар, ол есептік кезеңде қауіпті өндірістік нысандарда 14 апат тіркелгенін айтты. Қадағалаудың салалары мен түрлері бойынша авариялардың басым бөлігі көмір, металлургия, мұнай-газ, газ шаруашылығы объектілерінде және көтергіш құрылыстарды пайдаланатын объектілерде болған.
«Бұзушылықтардың негізгі саны тау-кен саласына – 29%, мұнай–газ саласына – 13%, көмір саласына – 11%, металлургияға - 10% және жүк көтергіш механизмдерді пайдаланатын объектілерге 10% тиесілі» , - деді комитет төрағасы.
Оның дерегінше, қадағалау қызметі шеңберінде алты айдың қорытындысы бойынша ерекше тәртіп бойынша 542 тексеру және жоспардан тыс 325 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 15 410 объект тексерілді.
Тексеру нәтижелері бойынша 16 110 бұзушылық анықталған. Оның ішінде ерекше тәртіп бойынша тексеру қорытындылары бойынша – 15 134, жоспардан тыс – 976 бұзушылық анықталған. Сондай-ақ,апат салдарынан барлығы 6 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болғанын ескертті.

-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары
-
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары
-
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр
-
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам
-
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес
-
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы
-
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі
-
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау
-
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
-
ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері
-
Көктемгі су тасқыны: қауіпті аймақтар, қауіпсіздік шаралары, құтқару тобы мен техникалар
-
Кибер жаттығу кезінде қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет

