• Басты
  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ға дейін баяулады - министр
12 Мамыр, 2020 09:27

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ға дейін баяулады - министр

Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ға дейін баяулады - министр
«Тауарлар өндірісі 5,8%-ке өсті. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер 4%-ке азайды. Осының нәтижесінде жалпы ішкі өнімі 0,2%-ке төмендеді.Қызметтер саласындағы төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты.Жылдық инфляция 6,8%-ті құрады», - деді ол.

Р.Дәленов айтып өткендей, өндіріс секторындағы өсу өңдеу өнеркәсібінің 7%-ке, кен өндірудің 6, құрылыстың – 5,5 және ауыл шаруашылығының 2,2%-ке ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

  «Сонымен бірге, қызметтер секторында көлік қызметтері 11%-ке, сауда – 8,9, әкімшілік қызметтерді көрсету – 4 және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 2,7%-ке төмендеді. Бұл ретте байланыс қызметтері қаңтар-сәуірде 9,6%-ке артты», - деді ол.

 Министр егер сәуірді айында (карантиндік ай) өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда көрсетілетін қызметтер секторы 17,5%-ке төмендегенін атап өтті.

 « Атап айтқанда, сауда және көлік үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету – 22,5%-ке және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 9,9%-ке төмендеді. Бұл төмендеу шектеулік карантиндік шаралармен байланысты», - деді ол.

Р.Дәленов қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 21 млрд. долларды құрағанын айтты.

«Экспорт 4,2%-ке ұлғайып, 13,9 млрд. долларға жетті. Бұл ретте импорт 7,1 млрд. долларға дейін төмендеді. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 9%-ке артты», - деді ол.

Министр өнеркәсіп өндірісі 5,9%-ке ұлғайғанын айтты.

 «15 өңірде өсу байқалады. Төмендеу тек Қызылорда облысында (-9,9%) тіркелді.Ең жоғары өсуді Қостанай (15,4%-ке) және Атырау (14,2%-ке) облыстары көрсетті», - деді ол.

  Р.Дәленов өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі өсіп жатқанын айтты.

  « Өсу 7%-ті құрады. Машина жасауда (өсу 25,4%-ке), фармацевтикада (24,2%-ке), құрылыс материалдарын өндіруде (15,6%-ке) және жеңіл өнеркәсіпте (13,9%-ке) өсудің жоғары қарқындары сақталды.Өңірлер бөлінісінде Қостанай (24%-ке), Қызылорда  (20,2%-ке) және Түркістан (17,2%-ке) облыстарында жоғары өсу байқалады», - деді ол.

 Ол атап өткендей, Жамбыл (-3,3%) және Ақтөбе (-4,4%) облыстарында төмендеу тіркелді.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша 13 өңір өсу көрсетті. Ең жоғары өсу Түркістан (49,3%-ке) және Ақмола (49%-ке) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында (44,2%-ке) байқалады.4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Атырау (-10%) және Қызылорда (-47,1%) облыстары, Шымкент (-7,8%) және Алматы (-8,6%) қалалары. Осы өңірлердің үлесі жоғары болғандықтан, ол жалпы инвестициялардың көлеміне әсер етті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ке дейін баяулады», - деді ол.

Министр құрылыс 5,5%-ке ұлғайғанын атап өтті.

«13 өңірде өсу байқалады. Түркістан (28,7%-ке) және Қарағанды облыстарында (25,5%-ке) қарқынды жұмыстар жүргізілуде.4 өңірде құрылыс жұмыстары төмендеді. Бұл Ақтөбе  (-12,8%) және Қызылорда (-49,7%) облыстары, Шымкент (-3,2%) және Нұр-Сұлтан (-17,4%) қалалары.Бұл ретте отандық құрылыс материалдарының өндірісі белсенді өсуде. Оларды өндіру 15,6%-ке ұлғайды», - деді ол.

Министр жыл басынан бері 3,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.

«10 өңір өсу көрсетті. Алматы (20%-ке) және Жамбыл  (12%-ке) облыстарында ең жоғары өсу тіркелді.7 өңірде төмендеу байқалды.Ауыл шаруашылығы өнімдері 2,2%-ке өсті.Ауыл шаруашылығы бойынша 15 өңірде оң серпін байқалып отыр», - деді ол.

Министр карантиндік қорғау шараларына байланысты барлық өңірде сауда төмендегенін айтты.

«Мұндағы негізгі үлес шағын және орта бизнеске тиесілі. 14 өңірде көлік қызметтерінің төмендегені байқалды. Төмендеу негізінен жолаушылар тасымалының азаюына байланысты.8 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей. Олар - өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, көлік, сауда, инвестициялар, инфляция», - деді ол.

 Министр 10 өңірде жақсы серпін байқалып отырғанын айтты.

«8 көрсеткіштің тек 2-3 көрсеткіші бойынша төмендеу тіркелді. Тиісінше қалған көрсеткіштер бойынша өсу байқалуда.Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында 5 көрсеткіш бойынша төмендеу тіркелді. Олар - құрылыс, тұрғын үй, көлік, сауда және негізгі капиталға инвестициялар бойынша», - деді ол.

Министр қаржыландыру және кредиттеу бойынша жаңа шараларды, сонымен бірге экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шараларын ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет екенін айтты.

«Карантиндік шараларды бірте-бірте жеңілдетуді ескере отырып, экономикалық белсенділікті қалапына келтіруді қамтамасыз ету. Нұрлы жер, Нұрлы жол және Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламалары шеңберінде құрылыс жұмыстарын жандандыру. Бұл ретте отандық өнімдерді пайданану үлесін көбейтуге назар аудару қажет.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізе отырып, баға өсімін болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау. «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде жобаларды жылдам таңдау және мониторинг жүргізу», - деді ол.

Сондай-ақ, министр өңдеу өнеркәсібіндегі оффтейк келісім-шарттар және Агроөнеркәсіп кешенінде форвардтық мәмілелер тетіктері арқылы өндірісті ынталандыру.

«Аталған шараларды іске асыру экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар
40.77.167.36, 192.168.88.100