• Басты
  • Үндістан Республика күнін атап өтті
27 Қаңтар, 2020 09:46

Үндістан Республика күнін атап өтті

26 қаңтар - Үндістанның Республика күні. Осыған орай, Қазақстандағы Үндістан елшілігі республиканың 71 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар шара ұйымдастырды. Іс-шараларға үндістандық және қазақстандық дипломаттар қатысты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Үндістан Республика күнін атап өтті
"Үндістанның Республика күні мерекесіне орай баршаңызбен кездесу мен үшін үлкен мәртебе. Үндістан мен Қазақстан қарым-қатынасы көпғасырлық мәдени және тарихи байланыстрдың негізінде құрылды. Үндістан мен Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында алғашқы дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.Үндістан мен Қазақстанның екіжақты қарым қатынастары аясында 2019 жыл жақсы болды",- деді Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар. 

посол1.jpg

Сонымен қатар, елші мырза екіжақты ынтымақтастық аясында жүзеге асырылған іс-шаралар туралы айтып өтті. 

"Қорғаныс, қауіпсіздк және ғарыш, азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық Қазақстанмен стратегиялық әріптестіктің маңызды бөлігі болып табылады.Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин және Авиация-генерал майоры, әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Нұрлан Карбенов мырза бастаған делегаациялар 2019 жылғы 19-20 ақпанда Aero India шарасына қатысты. "Kazind-2019" бірлескен үнді-қазақстан әскери жаттығулар былтырғы 1-16 қазан аралығында Үндістанда өтті. Бұл жиынға қазақстандық әскердің 60 мүшесі қатысты", - деді ол.

Сонымен қатар, Прабхат Кумар Қазақстан үнді батальонымен бірлесе отырып Ливандағы БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуды жалғастырып жатқанын айтты. 

"Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып қала береді. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында екіжақты тауар айналымы 1,56 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қазақстан экспорты 1299,1 млн АҚШ долларын құраса, Үндістан экспорты 267,9 млн АҚШ долларын құрады", - деді елші. 

Сонымен қатар, елші 2020 жыл Үндістан мен Қазақстанның ынтымақтастығы үшін жайлы болатынына үміт артты.

"Қазақстан Үкіметіне Үндістан елшілігіне көрсететін жан-жақты қолдауы үшін алғыс айтамын", - деп түйіндеді өз сөзін елші. 

Өз кезегінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ҚР Үкіметі атынан Үндістанның Республика күнімен құттықтады. 

ногай1.jpg

"Қазіргі таңда Үндістан әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірегейі. Оған елдегі Үндістан елшілігі де өз үлесін қосып келе жатыр. Қазақстанның өңірліік әрі жаһандық дамудағы басты ұстанымы - басқа елдермен саяси-экономикалық, әлеуметтік, ,ғылыми-техникалық, гуманитарлық саясатты орнату және оның ауқымын кеңейту. ҚР мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас 1992 жылы Елбасы Н.Назарбаетың Үндістанға ресми сапарының аясында орнатылған болатын", - деді Н.Ноғаев. 

Сондай-ақ, ол сол кезде басталған ынтымақтастықтың аясы бүгінде кеңейіп, тереңдей түскенін жеткзді. 

"Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар БҰҰ, ШЫҰ, Діндер көшбасшылары арасында өзге де халықаралық ұйымдарда өз ынтымақтастығын көрсетіп келе жатыр. Республика күнімен құттықтай отырып, басшылықтың қойып отырған талаптарды жоғары деңгейде орындай отырып, Қазақстан және өзге елдермен ынтымақтастықтарыңызды тереңдетуге тілектеспін" , - деді ол. 
Кеш соңында қабылдауға жиналған қауым Үндістанның ірі отельдер желісі TAJ қонақ үйінің бас аспазшылары Нитеш Кумар Джа мырза мен Парамджитт Сингхтің әзірлеген тағамдарынан дәм татты.
повар1.jpg

индия повар1.jpg

Мерекелік шаараны Үндістанның мәдениетін паш ететін ән мен би қорытындылады.

 би индия1.jpg

Республика күніне орай ұйымдастырылған шаралардың бірі Үндістан елшілігінде Ту көтеру салатанатты рәсімі өтті.

ту1.jpg

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды