Экономика

ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және индустрияландыру қорытындылары

Эксклюзив
2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104,5%-ды құрады, оның ішінде: тау-кен өнеркәсібі 101,9% жоспарында 104,7%-ды құрады. Жыл ішінде динамика 5% деңгейінде болды. Бұл деректерді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және индустрияландыру жобаларының қорытындысына қатысты жолданған Strategy2050.kz сараптамалық порталының сауалына жауап ретінде ұсынды.
Астана қаласы08 Қаңтар , 10:21

-Өңдеу өнеркәсібі саласында жылдық көрсеткіш орындалды ма?

-2018 жылдың 11 айының  қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104,5%-ды  құрады, оның ішінде:

- тау-кен өнеркәсібі 101,9% жоспарында 104,7% құрады. Жыл ішінде динамика 5% деңгейінде тұр.

-өңдеу өнеркәсібінде 105,1%  жоспарында 104,9%   құрады.  Жылдың басынан бастап өсім қарқыны   6,2%-дан   4,9%-ға  дейін төмендеді.

 Бұл металлургияда 104,7% жоспарында 107%-тен 103,7%-ке дейін өндірістің төмендеуімен, сонымен қатар тамақ өнімдері өндірісінің (өңдеу саласында үлесі 41%) 105% жоспарында 106%-дан  101,7%-ға  дейін төмендеуімен, сусындар өндірісінің 110,9%-дан   99,3%-ға  біршама төмендеуімен   байланысты.

Тау-кен өндіру секторында темір кенін өндіру көлемі 105,7%  жоспарда 7,3%-ға өсті. «ССКӨБ» АҚ-тың   ҚХР-ға 90 мың тоннадан 1,7 млн.тоннаға дейін жөнелтулердің бастауы салдарынан жылдық жоспар қамтылатын болады.

-Түсті метал өндіру саласындағы нәтижелер қандай?

-Түсті метал кенін өндіру көлемі 106% жоспарда 3,9%-ға өсті. Алайда, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Оның себебі де жоқ емес.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2020 жылдарға уран өндіру көлемінің 20% жоспарлы қысқартуымен, уран бағасының құлдырауы салдарынан.

Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазмырыш» ЖШС-да  полиметал кендерінің 3,5%  төмендеуіне байланысты.

Түсті металдар кенін өндіру бойынша жылдық жоспарлы көрсеткішті «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-да (ШҚО) өндіріс көлемінің артуы есебінен, іске қосылғаннан бастап 1,13 млн. тонна құрамында алтыны бар кен өндірілді  және «Sary-Arka Copper Proсessing» ЖШС-да (Қарағанды облысы) өндіріс көлемінің артуы есебінен, 1,4 млн.тонна мыс кені өндірілді  қамтамасыз ету жоспарлануда.

Өңдеу саласында жылдық жоспарлы көрсеткіштердің өсімі мен қол жеткізілуі келесі салаларда байқалады: машина жасау 15,7%-ке; химия өнеркәсібі 7,2%-ке; жиҺаз өндірісі 2,4%-ке, қағаз 5,1%-ке, резеңке және пластмасс бұйымдары 2,9%-ке.

Металлургияда өндіріс көлемі 4,7%-ға өсті, жоспар 104,7%. Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу қара металлургиямен байланысты өндіріс көлемі 101,4% құрады, жоспар - 104,7%.

Қара металлургияда жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да  Қарағанды облысы болат пен шойын өндірісі көлемінің 10% төмендеуіне байланысты, оттегі цехінің аумағынан конвертер цехінің оттегі-тарату пунктіне дейін созылған учаскедегі технологиялық құбырлардың бұзылуы салдарынан болды.

Түсті металлургияда өндіріс көлемінің 5,5%-ға артуы байқалады, жоспар – 104,7%.

 «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-да:- мыстың 4%-ға (211,5 мың тоннадан 220,4 мың тоннаға дейін);- алтынның 63%-ға (3,3 тоннадан 5,4 тоннаға дейін);«Қазмырыш» ЖШС-да:- алтынның 31%-ға (16,3 тоннадан 21,3 тоннаға дейін);- катодтық мыстың 23,2%-ға (49,9 мың тоннадан 61,5 мың тоннаға дейін);- «Кастинг» ЖШС-да қоланың 42,1% (1,9 мың тоннадан  2,7 мың тоннаға дейін), алюминий құймалардың 88% (0,9 мың тоннадан  1,7 мың тоннаға дейін);- «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да алтынның 23% (16,6 тоннадан  20,5 тоннаға дейін) өндіріс көлемінің артуымен байланысты.

-Машина жасау саласында қандай қорытындылар бар?

-Машина жасау саласында 107% жоспарда өсім 115,7%.Жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу келесі арқылы: 2017 жылы «БРК-Лизинг» АҚ жүк вагондарын өндіруді қаржыландыруға қосымша 50 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оны игеру шеңберінде 2018-2019 жылдары шамамен 3000 вагон өндіру жоспарлануда.  

Жеңілдетілген автонесиелеу және лизингтік қаржыландыру бағдарламасына 10 млрд теңге  бөлінді,  автобустар мен ауылшаруашылық техникасына қосымша 13 млрд. теңге. Жалпы сомма 13 млрд.теңге, оның ішінде: отандық өндірістегі автобустарын қаржыландыруға – 10 млрд.теңге,  отандың өндірістегі комбайндары мен тракторларына – 3 млрд.теңге.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің шеңберінде арнайы инвестициялық келісім-шарттар шеңберінде көлік құралдары мен ауылшаруашылығы техникасын ҚҚС төлеуден босату және автобөлшектер импортын ҚҚС-тен босату нормалары қарастырылған.

-Фармацевтика өнеркәсібінің өндіріс көлемі қалай дамып жатыр?

-Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,2%-ға өсті, жоспар 108%. Фармацевтика саласындағы өндіріс көлемінің төмендеуі негізгі себебі,  Шымкент қаласындағы  «Химфарм» АҚ өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемінің 24% төмендеуімен байланысты.  2018 жылғы 1 нен 30 маусымға дейін технологиялық бөлімде жоспарлы прафилактикалық жөндеу жұмыстары өткізілді. Осыған орай кәсіпорын өндірісін толықтай 1 айға тоқтатты. Сонымен қатар, кәсіпорын GMP стандарттарына сай келетін дәрілік заттарын өндіруге көшуде. Комапания осы жылы ірі көлемде шығарылатын ескірген сироптар (гелендік), бальзам өндірісін тоқтатты. Компания біртіндеп өндіріс көлемін ұлғайтып келеді. 2018 жылдың соңына дейін 170 311 бума өндіру жоспарлануда, бұл 2017 жылдан жоғары.

Көрсетілген кәсіпорындардағы өндіріс көлемдерінің төмендеуі Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС арқылы сатып алынатын  дәрілік заттар мен медициналық мақсатта пайдаланылатын бұйымдардың қысқаруымен байланысты.

Қосымша өсімнің себепшісі отандық тауарөндірушілерге ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттар мен мединалық қолданылуға арналған бұйымдардың шекті бағасын құру туралы ережені жылсайынғы құнын 5 % төмендету бөлігінде қайта қарастыру болып табылады.

-Құрылыс саласында қандай межелерге қол жеткізілді?

-Құрылыс материалдары өндірісі 105,8% жоспарында 1,0%-ға төмендеді.Мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізбеудің негізгі себептері болып:бетондалған жолдардың құрылысы бойынша жобалар көлемінің азаюы, оларға қызмет көрсетудің қымбаттығынан,  келесі екі ірі жобаның іске қосу мерзімінің 2019 жылға ауыстырылуы: Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна жалпақ әйнек өндірісі бойынша зауыттың құрылысы» «Orda Glass Ltd» ЖШС, «Зерде-Керамика Ақтөбе» керамогранит өндірісі бойынша зауыттың құрылысы»  табылады.

Жеңіл өнеркәсіпте нақты көлем индексі жоспары 105% кезінде 103,5% құрады.

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі СҚО, ШҚО, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарында байқалады, олардың үлесі республиканың өндіріс көлемінен 50%-ға жуық құрайды.

Тоқыма (104,5%), былғары және оған жататын өнімдер (103,3%), киім (99,9%) өндірістерінде өсудің төмен қарқыны байқалады.

Киім және аяқ киім өндірістерінің көлемдері төмендеудің негізгі себебі – квазимемлекеттік сектордың және мемлекеттік сатып алулар жағынан тапсырыстардың азаюы.

Былғары кәсіорындарының жүктелімін, сондай-ақ былғары және оған жататын бұйымдар өндірісінің көлемдерін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуге уақытша тыйым салу  бойынша мәселе пысықталуда.

-Индустрияландыру картасы жобалары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері қандай?

- 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ жүзеге асыру құралдарының бірі Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады.

Ол мемлекетке бизнеспен бірлесе отырып, дұрыс инвестициялық шешімдерді әзірлеуге және елдің инфрақұрылымын дамытумен және ресурстық әлеуетімен жеке сектор жобаларын іске асырудың өзара байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Индустрияландыру картасының басымдықтары экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялық өндірістер құру, экспортқа бағдарланған, өнімділік, ішкі нарықты қамтамасыз ету, қазақстандық қамту үлесін арттыру, ел өңірлерін дамыту болып табылады.

Картаға республикалық масштабтағы ірі стратегиялық жобалар да, орта жәнешағын бизнес жобалары да енгізілген.

Карта жобалары Қазақстан экономикасының мынандай басым секторларында жүзеге асырылады: машина жасау, металлургия, мұнай өңдеу, энергетика, химия және фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, АӨК, инфрақұрылым және көлік, құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі.

Біз жеке бизнестің бірнеше мың жобасын қарастырдық және картаға пысықтаудың жоғары дәрежесі бар және мемлекеттік бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес келетін жобаларды енгіздік.

Осылайша, индустрияландыру жылдары (2010-2017 жылдары) шамамен 6,6 трлн.сомаға 1 148 жоба (ірі – 23, орташа – 181, шағын - 944) іскеқосылды. 107 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

2018 жылы 1,2 трлн теңге сомасына 100-ден астамнысан іске қосылды.

- «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының бағыттары бойынша қанша жүк тасымалданды?

-Арнайы экономикалық аймақтың көліктік аймағының негізгі элементі Құрғақ порт болып табылады. 2015 жылдың шілдесінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты коммерциялық пайдалануға берілді. «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы «KTZE–Khorgos Gateway» ЖШС ірі порттық оператор «DP World» компаниясымен Құрғақ порттың операторы болып табылады.

2015 жылғы 29 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 қараша аралығындаҚұрғақ портпен 522,1 мың ЖФБ өңделген (DP World стандарты бойынша), оның ішінде: 2015жылы -14,1 мың ЖФБ, 2016жылы -87,1 мың ЖФБ, 2017 жылы – 185,3 мың ЖФБ, 2018 жылғы қаңтар-қарашадағы тиелген жүк235,6 мың ЖФБ(DP World стандарты бойынша)құрады, демек 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,2% (166,8 мың ЖФБ)көп.

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика