• Басты
  • Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды
30 Желтоқсан, 2019 17:31

Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай басқармасының төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетін (Мәскеу қ., РФ) – ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (Алматы қаласы). 2018 жылы "IBS Astana" және "EU" Халықаралық бизнес мектебін бітірді.

Еңбек өтілі:

1993 – 1994 жж. – 5ші ЖПУ жұмысшы, Мәскеу қаласы;

1994 – 1995 жж. – Су №19 1-ші разрядты жұмысшы, Мосинжстрой ММК, Мәскеу қ.;

1998–1999 жж. – ҚР ККМ Мемлекеттік авиациялық регистрінде әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің жетекші сарапшысы, Алматы қ. ;

1999 – 2001 жж. – "Қазавиасертификация" ЖАҚ коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудиті бойынша бас сарапшы-аудитор, бөлім бастығы, Алматы қ.;

2001-2002 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Астана қ.

2002 – 2003 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу бөлімінің бастығы;

2003 – 2008 жж. –  ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу басқармасының бастығы, Астана қ. ;

2008 – 2010 жж. –  ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы, Астана қ.;

2010 – 2014 жж. –  Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі;

2014 –2015 жж. –  "Airport Management Group" ЖШС Бас директорының орынбасары (ҚР әуежайларды басқарушы компания).

2015 – 2019 жж. –  "Астана халықаралық әуежайы"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.

2019 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

"Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, ҚР Президентінің және басқа да мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталған. 2015 жылы "Құрметті авиатор" төс белгісімен марапатталған.

Барлық жаңалықтар