• Басты
  • Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері ұсынылды
28 Ақпан, 2020 13:15

Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері ұсынылды

Еліміздің бас қаласында "Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері" тақырыбында брифинг өтті. Жиын барысында Қазақстандық қоғамдық даму институты дайындаған Ұлыс күнін тойлаудың жаңа форматтары ұсынылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері ұсынылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов наурыз мерекесі Қазақстанның әр аймағында әртүрлі тойланатынын атап өтіп, оны біріктіру мақсатында жаңа формат ұсынылғанын айтты. 

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты «Азаматтық алаң» атты жаңа пікірталас алаңын ұсынды. Сонда талқыланды. Наурыз мерекесі тойланып келеді, бірақ ір жерде әртүрлі. Сол себепті бәрін қосын біріктіруді жөн көрдік. Алғашқы кездесу аясында пікірталас алаңына қатысушылар Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты жаңа тәсілдерді талқылады. Қоғамдық пікір де ескерілд", - деді вице-министр.

Ал шараға қатысқан "Рухани жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы Рухани жаңғыру орталығының басшысы Жанар Буқанова Наурыз мерекесінің тойлану үрдістері қоғам тарапынан сынға ұшырап жатқанын айтып өтті. Осы мақсатта жаңа тұжырымдама әзірленгенін, ол бойынша 9 күн тойланытын атап өтті.

"Соңғы жылары Наурызды тойлау сахналық-фольклорлық тұрпатта сипат алып жүр. Бірқатар ғалым, этнограф мерекені атап өтудің тұрпатын сынап, қайта қарауды ұсынған болатын. Осыған байланысты Қазақстандық қоғамдық даму институты ұлыстың ұлы күнін меркелеудің жаңа форматын әзірледі. Шаралар 9 күн бойына өткізіледі. Оның 6 күнін дайындық кезеңі деп айтуға болады. Ал мерекелік шаралар 21-22 наурызда өтеді. Сонымен қатар "Рухани жаңғыру" бағдарламасының компоненттері енгізілген. Отбасылық деңгейде атап өтуге жоғары мән берілген. Жаңа тұжырымдамада ұжымдық корпоративтерді өткізу ұсынылады", - деді ол. 

 Оның сөзінше, Наурыз мейрамы тұжырымдамасы отбасылық дәстүрлер мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. Сондай ақ Ұлыстың ұлы күнін тойлау 14 наурыз - амал мерекесінен бастау алатынын айтты.

"Атап айтсам, 14 наурыз  – Көрісу (Амал) күні  – туыстармен және достармен кездесіп, амандық-саулық сұрасу күні. 15 наурыз – Шежіре күні – еске алу күні. 16 наурыз – Жайлау күні – табиғатты аялау күні. Адамдар тал егіп, көшет отырғызады.  17 наурыз – Игі істер күні/дархандық күні. Еріктілердің қатысуымен бірқатар шара өтеді. Сонымен қатар бұл күн жоқ-жітімге көмектесуге, қол ұшын беруге арналмақ. Жергілікті әкімдіктер қайырымдылық акцияларын өткізеді. 18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні. Бұл күні жер-жерде ұлттық ойындар, аударыспақ, көкпар ұйымдастырылады. Бұл ересектер үшін. Балалар үшін асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ секілді ойындар ұйымдастырылмақ", - деді Жанар Буқанова.

Сонымен бірге оның айтуынша, мерекені атап өту барысында ұмытыла бастаған ұлттық тағамдарды дайындалуын көрсету мақсатында шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

"19 наурыз – Зияткерлік күні – даналық пен білім күні.Бұл күні мақал-мәтел, жырдан үзінді, жұмбақтар айтылады.  20 наурыз – Жоралғы күні – отбасылық дәстүрлер мен жақсы әдеттер күні. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді жандандырады. 21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні. Ұлттық тағамдардың дайындалады, ұмытыла бастаған тағамдардың әзірлеу әдістері көрсетіледі. 22 наурыз – Бұқара күні – көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Бұл күні арнайы орындарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады", - деді ол.  

Бұдан басқа жиынға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков тқжырымдамаға қатысты пікір білдірді.

"Тұжырымдаманы қарап шықтым. Өте жақсы жасалған. Халықтың көкейінен шығады деген ойдамын. 14 мен 22-і аралығында Амал мерекесінен бастап. Сондай-ақ тақырыпқа бөлген. Бұл дұрыс. Бірақ айта кету керек, аңыз әңгімелер, жұмбақ, мақал-мәтелдер айтуды тек Наурыз мерекесі қарсаңында ғана емес, жыл бойына айтылуы керек.  Сонымен қатар біздің салт-дәстүрімізді насихаттауға да көп уақыт бөлінген екен, мен оны қолдаймын", - деді Мырзатай Жолдасбеков.

Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды