• Басты
  • Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма

Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма

18 Наурыз, 2021 12:33

Наурыз мейрамын мерекелеу күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жағдайда жолаушылар маска режимін сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы керек. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.


Барлық жаңалықтар