• Басты
  • Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық – С.Кисикова
17 Наурыз, 2020 15:18

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық – С.Кисикова

Нұр-Сұлтан қаласындағы науқас адамдардың жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық – С.Кисикова
«Нұр-Сұлтан қаласында 17 наурыздағы жағдай бойынша 14 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның 5-уі стационардың инфекциялық блогында болды. Төртеуі Оңтүстік Корея мен Италияның рейстерінен түскен. Бас санитралық дәрігердің қаулысы бойынша олар эпидемиологиялық жағдайы төмен  елдердің қатарынан келген. Олардың жағдайы қанағаттанарлық», - деді ол.
Сонымен қатар, ол қалған 9 адам мониторинг барысында табылғанын айтты.

«Олар эпидемиологиялық жағдайы төмен елдерден келген. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы көпфункционалды инфекционалды стационарға жатқызылды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр», - деді ол.
Ол атап өткендей, ел бойынша  16-наурыздан бастап шектеу қойылған.
«Барлық оқыту орындар онлайн оқытуға көшті. Бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл қажетті қабылдау керек шаралар. Бұл шаралар бар, енгізілді», - деді ол.
Айта кетейік, 19-наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин жарияланды. Коронавирус туралы жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

   
 Аягөз Құрмаш 
Барлық жаңалықтар