• Басты
  • Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары

Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары

21 Маусым, 2021 12:02

Бүгін халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай өткен брифингте , ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі криминогендік жағдайлар мен интернет алаяқтыққа тоқталып өтті. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бір аптада Қазақстанда 3387 қылмыс жасалды

Брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бір аптаның ішінде орын алған криминогендік жағдай туралы айтты. Оның мәліметінше, бір апта ішінде Қазақстанда 3387 қылмыс жасалды,оның 2304-і тәулік ішінде ашылған.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 28 тонау және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді ол.

Цифрландыру саласы

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, еліміздің ішкі істер министрі "Цифрлық технологиялар дәуіріндегі құқық​" атты қазақстан-француз форумына қатысқан. Бұл онлайн форумда Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысының полиция қызметін процестерді цифрландыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, автоматтандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөнінде айтып берген. ІІМ цифрландыру бойынша халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында оңтайландырған. Бүгінгі таңда оның 95%-ын электронды форматта ұсынады.

Министр форумда бұл қызметтердің ішінде, көліктерді тіркеу, оларды сату мен сатып алу бойынша мәмілелер, автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді таңдау және оларды үйге жеткізуге тапсырыс беру, шетелдіктерге бір реттік және іскерлік визаларды электронды түрде рәсімдеу және басқа да қызметтер бар екенін мәлімдеген. Цифрландырудың нәтижесінде ІІМ-нің қызметтері халыққа түсінікті форматта қолжетімді бола бастаған.

«Қызметті көрсету уақыты да барынша қысқартылғып, азаматтармен байланыс та айтарлықтай азайтылды. Сондай-ақ, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды», - деген форумда Ішкі істер министрі.

Сонымен бірге министр форумда әкімшілік және сотқа дейін іс жүргізу электронды форматқа ауыстырылатынып атап өткен.

ІІМ-нің деректер базасы жүйесімен біріктірілуінің нәтижеінде, полицейлерге планшеттің көмегімен автокөлікті тексеруге, электронды хаттама жасауға және айыппұлдарды өндіріп алуға мүмкіндік туған. Осыған орай, биылғы жылдан бастап заңнамаға жүргізшілерге жеке басын куәландыратын бір ғана құжаттып алып, автокөлікті басқаруға рұқсат беретін өзгерістер енгізілген. Сотқа дейін іс жүргізу ісін автоматтандыру үшін қылмыстық істерді электронды форматта тергеу практикасы кеңейтілуде.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің сөзінше, бұл тергеу мерзімдерін қысқартуға, бақылау мерзімін арттыруға және азаматтардың конситуциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

«Жыл соңына дейін қылмыстық істерді электронды тергеуді 100%-ға дейін жүргізу жоспарлануда. Цифрлық технологиялар полицияның құқық бұзушылық туралы хабарламаларға ден қою саласына да енгізілуде. Қоғамдық орындарда, мектептерде, ауруханаларда, SOS-батырмалары, шұғыл аудио, бейне орнату бойынша жұмыстар басталған», - деді Нұрділда Ораз.

Интернет алаяқтық

Сондай-ақ, осы жылдың ақпан айынан бастап "Police 102" мобильді қосымшасы іске қосылғанынжеткізді. Сонымен қатар, интернет алаяқтық туралы айтып өтті.

Министр әлемде короновирус пандемиясының өсуіне ықпал еткен интернет технологиялар саласындағы жеке тоқталған. Оның мәлімдеуінше, онлайн қызметтердің дамуымен, интернет алаяқтардың саны 2,3 есе өскен. Осыған байланысты ІІМ кейбір қылмыспен күрес орталығынының осы қылмыстарды ашумен ғана айналысатын арнайы топтар құрылғанын жеткізген.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, Қазақстанның Ішкі істер органының цифрландыру тәжірибесі шетелдік сарапшыладың үлкен қызығушылығын тудырған. Тараптар азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін, оладың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық қорғау және сот жүйелері өызметінің тиімділігін арттыру үшін құқық саласындағы процесстерді автоматтандырудың маңыздылығын атап өткен.

Заңсыз балық аулау

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, заңсыз балық аулау бойынша 262 браконьер ұсталған. 17 мамыр мен 17 маусым аралығында Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген.

«Браконьерлерден тыйым салынған 326 шақырымдық балық аулау желілері, 33 моторлы қайық, 8,5 тонна балық және балық өнімдері тәркіленді. Анықталған деректерге байланысты сотқа дейінгі 14 тергеу ісі басталды, - деді ол.

Оның айтуынша, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін 235 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Операцияға балық шаруашылығы қауымдастығының өкілдері, әуесқой балықшылар мен еріктілер қатысқан.

«Осы топтың көмегімен Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасына құрылған аулар мен иесіз қалған аулардан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізілді, - деді туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

«Халықаралық нашақорлықпен күрес күні»

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов брифинг Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні – 26 маусым қарсаңында өткізіліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті.

Оның мәлімдеуінше, 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын бұл күнді есірткіні теріс пайдаланудан азат халықаралық қоғам құру үшін қызмет пен ынтымақтастықты күшейтуге бел буғанының белгісі ретінде атап өтуге шешім қабылдаған. Оның айтуынша, бұл күнді мереке деп айту қиын. Бұл өмірін планетада есірткінің таралуына қарсы күреске арнаған адамдардың және осы мәселенің тереңдігін түсінетін қоғамның ынтымақ күні.

«100 жылға жуық уақыт бойы қоғам әлемдегі есірткі айналымын бақылауға тырысты, бірақ барлық күш-жігерге қарамастан, есірткісіз қоғам құру үшін бұл күресте әлі жеңе алмады, - деді Әмірханов.

Ол өз сөзінде, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерімен қажетті нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Есірткі құралдарының заңсыз айналымы-бұл жоғары ұйымдасқан қылмыстық құрылым, қатаң басқару иерархиясы, тауарларды әзірлеу, жеткізу және сатудың жақсы жолға қойылған жүйесі бар жаһандық бизнес екенін жеткізді.

«Бұл - адам, әлеуметтік және экономикалық зиян келтіретін жасырын немесе жасырын қылмыстың осы түрінің экономикасы. Қазіргі уақытта 15 пен 64 жас аралығындағы 270 миллионнан астам әлем халқы тұрақты нашақорлар болып табылады. Жыл сайын есірткіні қолдану 450 мыңнан астам адамның өліміне әкеледі. Бұл әлемдік социумға нашақорлықтың жаппай жеңілісі», - деді Бақытжан Әмірханов.

Қазақстанда есірткі саудасы

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың мәлімдеуінше, биыл құқық қорғау органының қызметкерлері есірткімен байланысты заң бұзудың 3,5 мың фактісін анықтаған. Оның мыңнан астамы – есірткімен байланысты қылмыстар.

«750 есірткі сату, 200 аса ірі көлемде есірткі сақтау фактісі тіркелді. Шамамен 2 тонна түрлі есірткі өнімі тәркіленді. Оның 4 келіге жуығы героин, 41 келісі синтетикалық ескіткі болған», - деді ол.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 6 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, 12 қылмыстық іс қозғалған. Топтардың 3 басшысы, 30 мүшесі қылмыстық іске тартылып, контарбанданың 50 фактісі анықталған.

Ол сөз сөзінде, еліміздегі есірткі саудасының даму үрдісі бірнеше оқиғалардан қалыптасып отыр. Біріншіден, Жамбыл облысындағы Шу жазығында каннабистің шикізат базасы бар. Сондай-ақ, Қызылорда облысында сора өсіру тыйылмай отыр. Ауғанстаннан келетін героиннің «солтүстік маршрут» бойынша өтетін трафигі орталық Қазақстан аумағы арқылы Ресей мен Еуропаға бағытталып отырғанын жеткізді.

«Іргелес елдерден синтетикалық есірткінің контрабандасы келеді. Қазақстанның өз ішінде де синтетикалық есірткі өндірісін зертханалық жағдайда жолға қою талпысы азаймай тұр», - деді басқарма басшысы.

Министрлік өкілінің айтуынша, алдыңғы жылдармен салыстырғанда елімізде есірткі өндіретін зертханалар саны артып келеді. 

«2019 жылы 3 зертхана, 2020 жылы 8 зертхана анықталған. Биыл 5 айдың өзінде ғана 10 зертхана табылған. Ел ішінде синтетикалық зертхана жасаушылар көбейіп келеді. Соның бірі Қарағанды облысында тіркелді. Наурыз айында қылмыстық топтық құрықтадық. Олар әр қалада зертханалар ұйымдастырып, есірткі өндірген.

«Тінту кезінде 4 келідей мефедрон деген есірткі затын тәркіледік. Басқа да қосымша химиялық заттар мен прекусорларын айналымнан шығардық. Ең қиыны синтетикалық есірткі өндірісне қажет қосымша заттардың саудасына тыйым салынбаған», - деді Бақытжан Әмірханов.

Сонымен қатар ол брифингте есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Mad Men музыкалық тобының жағдайына тоқталып өтті. Оның айтуынша, MadMen тобы жастар арасында танымал екендіктерін пайдаланып, есірткі сатып отырған. Олар Алматы қаласында құрықталған.

«Топтағы 8 адамды ұстап, төртеуін жауапқа тарттық. Олар көп уақыт бойы есірткіні өздері жасап, сатумен айналысқан. Тінту кезінде 1,3 келі мефедрон тәркіленді. Бүгінгі таңда топтың үстінен тергеу әлі де жалғасуда.», - деді Бақытжан Әмірханов.

Есірткі тартатын сайттар бұғатталған

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың мәлімдеуінше, Есірткі тарататын 740 сайт бұғатталған. Ол есірткіні таратудың заманауи әдісі интернет технологиясының барлық әлеуетін пайдалану екенін жеткізді.

«Есірткіні тұтыну және оларды интернет арқылы сату ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылады. Сонымен қатар, өмір бойына бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімін көздейді. Осы жылдың 5 айында сотқа дейінгі 105 іс тіркелді, оның 56-ы жарнама үшін және 49-ы интернет арқылы өткізілді» , - деді Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде 2018-2020 жылдары алынған синтетикалық есірткілердің көлемі ондаған есеге артқан. Сондай-ақ, жыл басынан бері 41 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. 

«Синтетика айналымына байланысты 526 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 210 өткізу фактісі, 48 сақтау, 258 теріс қылық. 15 кг-нан астам пайдалануға дайын есірткі және 35 литр прекурсорларды алып, 10 есірткі зертханасы жойылды, - деді басқарма басшысы.

Ол өз сөзінде, есірткі қылмысының қазіргі заманғы шынайылығына жауап беретін қылмыстық қылмыстар құрамы енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, желіде күдікті ақша операцияларын олардың қатысушыларын сәйкестендіру мүмкіндігімен тоқтата тұру рәсімі енгізілген.

«Үкіметке мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде тыйым салынған заттарды табу бойынша жұмысты күшейтуге, сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін жеделдету сияқты бірқатар тапсырмалар берілді. Ішкі істер министрлігі қабылдаған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені есірткі ахуалын әлеуметтік қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді» », - деп қорытындылады Бақытжан Әмірханов.

Барлық жаңалықтар