• Басты
  • Н.Сабильянов: Тендерді шенеуніктерге жақын адамдар ғана ұтып жатыр
23 Қаңтар, 2020 12:40

Н.Сабильянов: Тендерді шенеуніктерге жақын адамдар ғана ұтып жатыр

Елордада ҚР Парламент мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың қатысуымен ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес ахуалды жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымы өтті. Жиын барысында комитет төрағасы заң жобасы егжей-тегжейлі қаралатынын атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Н.Сабильянов: Тендерді шенеуніктерге жақын адамдар ғана ұтып жатыр

Нұртай Сабильяновтың айтуынша, аталған заң жобасы елдегі бизнес ахуалды жақсарту мақсатында әзірленген. 

"Бұл заң жобасы бизнес жүргізу рәсімдерін жеңілдетуге, отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, сонымен қатар бәсекелестікке кедергі жасайтын тосқауылдарды жоюға бағытталған. Заң жобасымен 6 кодекске және 33 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Комитет қаулысымен жұмыс тобы құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар "Атамекен" ұлттық палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен сарапшы ұйымдардың өкілдері енгізілді. Біз заң жобасын қарау, талқылау кезінде қоғамдық сарапшыларды, парламентке кірмеген саяси партиялар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдерін тарту тәжірибесін жалғастырудамыз", - деді ол. 

Сонымен қатар ол өз сөзінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің шешімімен заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып Парламент мәжілісінің депутаты, комитет мүшесі Сәкен Өтебаев белгіленгенін атап өтті.

Жиын барысында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов сөз алып, заң жобасына қатысты пікірін білдірді. Ол заң жобасын өзгерту қажет болғандығынан емес, шынымен де халыққа, бизнес қауымдастыққа жеңілдік әкелетіндей өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін атап өтті.

"Біз заң жобасын жасау кезінде ешқайда асықпауымыз қажет. Біз заңға өзгерту кезінде халық пен қоғамның сұраныстарын басшылыққа алуымыз керек. Біріншіден, заңға енген өзгерістер мен толықтыруларды кәсіпкерлер қауымы, тұрғындар мен біздің қоғам сезінуі керек. Біз 6 кодекске, 33 заңға 200-ден астам өзгеріс енгізуді қарастырымыз отырмыз. Егер заңға енгізілген өзгерістер үтірді алып тастаумен, не болмаса бір жолды алып тастаумен шектелетін болса онда мұндай әңгіменің қажеті жоқ. Мен енгізу кезінде бәрін егжей-тегжейлі қарастырамыз деп үміттенемін", - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елдегі бизнес климаттың жағдайы мәз емес. 

"Қазір елдегі бизнес климаттың жағдайы мәз емес. Қолында күші барлар, билігі барлар бизнеспен айналысып отырған жандардың ісін тартып алып отыр. Маған жер-жерден хаттар келіп жатыр. Қалай жауап беретінімді білмеймін. Өзгерістер мен толықтыруларды өзгерту керек болғанындығынан емес, кәсіпкерлік қауымдастықты көтеру үшін, интелектуалды сапаны арттыру үшін өзгеріс енгізу қажет", - деді мәжіліс депутаты.

Өз кезегінде Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов сөз алып, Қуаныш Сұлтановтың сөзін қуаттай түсті. Елдегі бар мәселені назарға алып, жан-жақты талқылап сапалы заң қабылдауға тырысамыз деп уәде етті.

"Сіз қоғамдағы бүкіл мәселелерді айттыңыз", - деді ол Қуаныш Сұлтановқа. "Мәселен, қазір адамдар кәсіпкерлікпен айналысайын десе азаматтардың көпшілігі айналыса алмайды. Несие ала алмайды, ал жағдай жасалмаған. Барлығын бір белгілі адамдар ғана алып алған. Облыста да сол, ауданда да сол. Тендерді кімдер ұтады? Шенеуніктерге жақын адамдар алып жатыр. Ешқайда бара алмайды. Біз заңды жасаймыз, алайда одан әрі адами фактор жүзеге асырғанда кей кезде оны орындамайжатады. Ол шындық. Бұл мәселелерді қарап, жан-жақты талқылап сапалы заң қабылдауға тырысамыз", - деді Нұртай Сабильянов.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды