• Басты
  • Нұртас Адамбай: Қазақ жері мен елі арқылы байыған кәсіпкерлер көмекке шықсын
10 Шілде, 2020 15:10

Нұртас Адамбай: Қазақ жері мен елі арқылы байыған кәсіпкерлер көмекке шықсын

Қазақстандық танымал продюсер, режиссер әрі актер Нұртас Адамбай пандемия кезінде ауқатты кәсіпкерлер көмек көрсету керек деп пікір білдірді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Нұртас Адамбай: Қазақ жері мен елі арқылы байыған кәсіпкерлер көмекке шықсын
Қазақ жері мен елінің, халқының арқасында байыған бизнес өкілдерінің дәл қазір сырттан бақылап отыруға хақылары жоқ. Осы қиын кезең - бай-қуатты жандардың адамгершілігі мен мейірімін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Олар миллиардтаған ақшаларын өмірінің соңына дейін тауысып бітіре алмайтыны анық. Осындай аурудан адамдар қиналып жатқан сәтте неге қолұшын созбасқа?. Ірі бизнес өкілдері азаматтарға қолғабыс тигізу керек. Бәрін айтпағанның өзінде бір ғана бай адам жағдайымен бүкіл мәселені шеше алар еді», - деді Нұртас Адамбай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұйымдастыруымен өткен онлайн жиында.

 Белгілі актердің айтуынша, жеке әлеуметтік парақшасындағы бизнестің жауапкершілігі туралы жазбасынан кейін, оған көмектесуге қауқарлы жандар хабарласып, көмекке дайын екендерін айтқан.

 «Маған жеке әлеуметтік парақшам арқылы немесе жазбаларымның астына пікір ретінде көптеген азаматтар көмек сұрап жазады. Біреуі дәрі-дәрмек сұраса, екіншісі азық-түліктің жоқтығын айтады. Осы орайда жақын таныс, жолдастарыммен бірлесіп мұқтаж жандарға медициналық құралдар мен қажеттіліктерді сатып алып беру жоспарымызда бар. Қазіргі таңда соны ұйымдастыру жұмыстарымен айналысудамыз», - дейді ол.

   Нұртас Адамбай Президенттің Үкімет отырысында көтерген мәселелеріне қатысты пікірін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ Фармация» басшылығын жұмыстан шығару жаза емес екенін, оларға тиянақты тергеу амалдары қажет екенін жазды.

Барлық жаңалықтар