• Главная
  • Нұртөре ЖҮСІП: Президент Жолдауында жақсы жаңалық көп
1 сентября, 2020 14:19

Нұртөре ЖҮСІП: Президент Жолдауында жақсы жаңалық көп

ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Прездент Жолдауындағы «ұлттық даму», «ұлттың жаңа болмысы», «ұлттық мүдде» деген ұғымдарға тоқталып, еліміз үшін жаңа серпіліс пен ұлттың жаңа болмысы қажеттігін айтты, - деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Нұртөре ЖҮСІП: Президент Жолдауында жақсы жаңалық көп

«Ұлттық даму», «ұлттың жаңа болмысы», «ұлттық мүдде» ұғымдары маған ұнады. «Жауапты мемлекет», «жауапты қоғам», «жауапты адам» деген түсініктер ортаға салынды. Бүгінгі Жолдаудың ауқымы кең болды. Қазақ мемлекетінің дамуы бұл жерде тұратын әрбір азаматтың қайратына, біліміне, парасатына тікелей байлынысты. Еліміз жарқын жолда дамуы үшін тың серпліс пен елдің бірлігі керек, сондай-ақ, ұлттың жаңа болмысы іске қосылуы қажет деп есептейміз, - деді депутат.

Н.Жүсіп қазақ жерінің шетелдіктерге сатылу мәселесін айта кетті.

Ауыл мен ауыл шаруашылығы мәселелері бүгінгі Жолдауда айтылды. Қазақтың жері бүкіл әлемде жер көлемі бойынша 9-орында. Алайда осы жеріміздің бір тұтамын болсын сақтау жағдайына келгенде, ешбәр жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы туралы айтылған мәселе өте орынды деп санаймын, - деді ол.

Президент айтқан білім саласындағы жаңалықтар да депутат назарынан тыс емес.

Кез келген мемлекеттің алдыңғы деңгейде болуы үшін оның білім саласы мықты болу керек. Яғни, білімі дамыған ел әрқашанда алдыңғы қатарда. Білім мен ғылымға қаражаттың көп бөлінуі бұл салаларға да оң өзгеріс әкеледі деп ойлаймын.Президент бүгін қазақ зиялыларына үлкен мүмкіндік берілетінін айтты. Бұл да жақсы жаңалық!, - деді Сенат депутаты.

Презденттің Қазақстан Халқына Жолдауындағы мәселелерді Сенат депутаттары Заң қабылдау ісінде маңыздылыққа ие болатынын айтты.

Ұқыптылық мәселесі, байсалдылық мәселесі сөз болды. Ең бастысы, бос сөзден арылып, елге пайдалы дүниелерді жасай білу жағдайына келуіміз керек деген сөз біз үшін қуанышты жағдай. Президент Абайдың сөзін келтірді. Біз Сенат депутаттары ретінде осы айтылған Жолдаудағы мәселелердің барлығын заңнама тұрғысынан дұрыс заңдарды қабылдай біліп, олардың іске асырылуына атсалысатын боламыз, - деп түйіндеді Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп.