• Басты
  • Нұрсұлтан Назарбаев темір жол транзитінің әлеуетін арттыруды тапсырды
4 Маусым, 2020 23:09

Нұрсұлтан Назарбаев темір жол транзитінің әлеуетін арттыруды тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа Қазақстанның темір жол транзитінің әлеуетін арттыра беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев темір жол транзитінің әлеуетін арттыруды тапсырды
«Қазақстанда транзиттік бағдарлар қиын кезеңде салынды. Өсім мен тиімділігін, мүмкіндігін көрсетіп жатыр. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Транзиттің арқасында 5 млрд долларға дейін табыс таба аламыз. Серіктестермен әрдайым жұмысты жалғастыра беру керек. Жеңіл транзитке мүмкіндікті жасау керек», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысында. 

Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев келесі контейнерлік транзиттік бағдардың бірі – Иран бағыты екенін жеткізді. 

«Мұнда ауқым айтарлықтай үлкен емес. Алайда өткен жылға қарағанда динамика 2 есе өсті. Осы бағдардың бәрі де Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Осылайша Ақтау портына да пайдасын тигізіп отыр. Жалпы ТМД аясында жүк тасымалы азайып бара жатыр. Ал бұған дейінгі теңіз немесе әуе арқылы келетін тасымалдың көбі қазір теміржолға ойысып барады», - деді Сауат Мыңбаев.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды