• Басты
  • «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуына қанша қаражат жұмсалды

«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуына қанша қаражат жұмсалды

19 Тамыз, 2020 15:40

Өткен аптада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде және Үкімет отырысындағы баяндамасында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы жайында есеп берді. Қазақстанның тас жолдарының жөндеу жұмыстары мен оған жұмсалған қаражат жайлы ақпаратты Strategy2050.kz материалынан білуге болады.

Министр Атамқұловтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша дәл қазір республикалық және жергілікті маңызы бар 9,8 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автожол саласында биыл жөндеу жұмыстарымен республикалық республикалық желінің 4 мың шақырымында - құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі, республикалық маңызға ие жолдардың 1,8 мың шақырымы, жергілікті желінің - 4 мың шақырымы жөнделеді деп жоспарланған.

Осы мақсаттарға бюджеттен 666 млрд теңге қарастырылған. Оның 422 млрд теңгесі – республикалық маңызы бар жолдардағы, 238 млрд теңгесі жергілікті жолдардағы жұмыстарға бөлінген.

Жөндеу жұмыстарын қазіргі таңда «СП КазГерСтрой» және CITIC Construction Co.Ltd, Todini Costruzioni Generali S.p.A., «К-Дорстрой», «Todini Central Asia», «Синьсин», «АБК Автодор НС», «Иврус», «Қыран» компаниялары және т.б. жүргізіп жатыр.

Жол жөндеумен айналысатын компаниялар тасжолдардың учаскелерін белгіленген мерзімнен бұрын пайдалануға беруде. Мысалы, Атырау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолының 45 шақырымын жаңарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталғанын министрліктің ресми сайты жариялады. Бұл жолдардың кедір-бұдырлы беті өңделіп, жабындының тегістеуіш қабаты төселді, жолдағы шұңқырлар жамалып, шуыл жолсызығы жайластырылды, жол жиегі бекемделді. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолын орташа жөндеу жұмыстары межеленген мерзімнен екі ай бұрын аяқталды. Жөндеуден өткен жол учаскелері бүгінгі таңда қозғалыс үшін ашық. Елде республикалық маңызы бар жолдардың 1143 шақырымы қалпына келтірілуде. Орташа жөндеу жұмыстарымен 66 нысан қамтылған.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін Индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 160 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Президент өңдеу өнеркәсібін одан әрі ынталандыруға және ішкі нарықты толық қамту мақсатында өңделген өнімдердің үлесін арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ көлік-транзит инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 Ақмола облысында Биыл Еленовка-Чистополье-Есіл, Балкашино-Шантөбе, Атбасар-Қима, Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсая сияқты ірі жобалар жүзеге асырылды. Жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Бұл мақсатқа 7,8 миллиард теңге қарастырылған. Жолдарды жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында да қолға алынған. 2,2 миллиард теңгеге 40 шақырымнан астам ауылішілік жолдар жөнделді. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында да көше-жол жолдарына 404 миллион теңге қарастырылған. Сөйтіп, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Ақмола облысы жолдарының қанағаттанарлық деңгейі 73 процентке жетпек. 2025 жылға дейін 95 процентке жеткізу көзделген.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар