«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ

14 Сәуір, 2021 13:04

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


30 жылда 1,6 млн азамат үйлі болды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде 170 млн. шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынды, 1,6 млн.астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарды. 

«2020 жылы республика бойынша 15,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынды (2019 жылға+116,8%), 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% - ға өсіп, 2 трлн. теңгені құрады», - деп есеп берді ол.

Мемлекет бюджетінің 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды. 38,4 мың отбасына әлеуметтік тұрғын үй берілсе, өзгелер мемлекеттен жеңілдетілген, пайызы төмен қарыздар алып, тұрғын-үй жағдайын жақсартты. 

«Нұрлы жер» жоспарды артығымен орындайды

Вице-министр айтқандай, осы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жоспарлы 15,2 млн.шаршы метр үй салыну керек болған. Алайда жоспар артығымен орындалмақ. Бағдарлама аясында 17 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр

«Жыл соңында 163 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жасап алуы тиіс. Мемлекеттік қолдау есебінен - 43,5 мың кезекте тұрғандар өз пәтерлеріне кіреді. Оларға 22,5 мың әлеуметтік тұрғынжай және 21 мың жеңілдетілген қарыз берілетін болады. Жалпы алғанда 2021-2025 жылдар аралығында 103 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салу жоспарда бар», - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Осы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша құрылыс саласында енгізілген локдаундарға қарамастан сала біршама даму сатысынан өткен. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,1% - ға артты. 2,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,6% - ға жоғары. 23 663 тұрғынжай пайдалануға берілді, оның ішінде 8 637 жеке тұрғын үй. 

Тұрғын үй бағасын арзандату және құрылыс жұмыстарын ынталандыру мақсатында мемлекет үй тұрғызылатын аумақты, оның ішінде жеке азаматтарға өз үйлерін салу үшін бөлінетін жер учаскелерін инженерлік желілермен жабдықтайды. 

2021-2025 жылдары 235 мың жер учаскесін (жылына 47 мың) қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде облыс орталықтарында, шағын қалаларда - 125 мың жер учаскесі және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесі. Жыл сайын бұл мақсатта республикалық бюджеттен 130 млрд.теңгеден бөлу көзделеді.

Өскенбаев айтқандай, республиканың қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

2020 жылы 8 өңірде 249 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өтті. Биыл қосымша 473 тұрғын үйді жөндеуге 19,5 млрд теңге жоспарланып отыр. Бұл жұмыс жалғасады.

«Отбасы банкіне» берілген міндеттемелер артты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» болып құрылған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың тізімін осы «Отбасы банкке» берілді. Бұл тұрғын үй саясатын дамытудағы жаңа қадам болды. Қазіргі уақытта «Отбасы банкі» Қазақстан азаматтары үшін әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп жатыр. Банк жанынан«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жасақталды. Осы орталық, тұрғын үйге мұқтаждардың есебін жүргізуді, сондай-ақ тұрғын үйді бөлуді тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес, тізімге енгізілген күні бойынша кезекте тұрғандар арасында бір орталықтан жүзеге асыратын болады.

Бүгінгі брифингке қатысқан «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова үй кезегінің жылжуына қатысты ақпаратттармен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша өткен жыл «Отбасы банкі» үшін «қоныс тойы» жылы болған.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

«Отбасы банк» үшін 2020 жыл атаулы жыл болды. Бұл қоныс тойын тойлау, азаматтардың жинақтарын жандандыру және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты (Шаңырақ «5-10-20» пилоттық жобасы) бастау алған жыл болды. 5% мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу, ең төменгі бастапқы жарна 10% және әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін қарыз мерзімі 20 жылға дейін», - деді ол.

«Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылғаннан бері, «Отбасы банк» арқылы қазақстандықтарға 305 млрд теңгеге 36 069 қарыз берілді, оның ішінде тек 2020 жылы - 100 млрд теңге сомаға 10 759 қарыз берілді. 2021 жылдың 3 айында 3 727 отбасы баспаналы болды. Ләззат Ибрагимова мәлімдегендей, кеше «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды.

«Бізде 50 млрд теңге бар. Жоспарлы есептеулер бойынша бұл шамамен үш санаттағы 5 мың отбасы: көп балалы отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар. Дүйсенбі күні онлайн форматта өтінім беру мүмкіндігі ашылды. 19 833 өтінім қазірдің өзінде шарттарға сәйкес келеді. Жалпы 23 109 өтінім, 3276 өтінім басқа санаттарға берілді», - деді ол.

Үй кезегі қалай жылжиды?

Баспана алушылар үй кезегіне тұру уақытына байланысты таңдалады. Үй кезегіне 2000-жылдары тұрғандар бар. Уақыт тексерілген соң, олардың төлем қабілеттіліктері, кірістері бағаланады.

«Әлеуметтік әділдік қағидасы сақталады: кім бірінші кезекте тұрса, сол бірінші болып жеңілдікті қарыз алуға мүмкіндік алады. 15 млн теңге - Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында ең жоғары сома, қалған өңірлерде осы бағдарлама бойынша 10 млн теңге», - деп түсіндірді банк басшысы.

Ол бұл қағиданың ыңғайлы екеніне назар аударды. Жылжмайтын мүлікті қарыз алушы бастапқы және қайталама нарықта кезекке тұрған аймақта сатып алуға болады. Сатып алынған мүлікке ешқандай шектеулер жоқ. Сондай-ақ, біз «Шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз, өткен аптада бізге 120 млрд теңгенің екінші траншы түсті.

«Бұл бағдарлама кезекте тұрған барлық санаттарға, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасына сәйкес келмейтін және өтініш берген адамдарға арналған», - деп қосты банкир.

Осы жылдың мамыр айында 8 мыңға жуық пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысады. Толық ақпаратты baspana.kz сайтында жарияланады.

Әлеуметтік осал топтарға үй беру мен ауылда үй салу

Отбасы мүшелеріне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен табысы бар кезекте тұрғандар тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Негізінен олар көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары жатады.

Табысы 1 ең төменгі күнкөріс мөлшерінен жоғары кезекте тұрғандар жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген несие алу арқылы тұрғын үй сатып алатын болады. Негізінен олар мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа кезекте тұрғандар.

Оған қоса, тұрғын үй саясатын дамытудың жаңа бағытымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігі қарастырылған. Бұл тетікте жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыруды және жалға алушылармен шарттар жасай отырып, тұрғын үй қорын басқаруды Бірыңғай оператор жүзеге асыратын болады.

Жеке құрылыс салушылармен бірлесіп Бастапқы нарықта жылжымайтын мүліктің әлеуметтік қорлары құрылатын болады. 

Нұр – сұлтан және Алматы қалалары үшін - 31, өзге өңірлерде 21 және ауылдық жерде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан жалға алуды субсидиялау жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу ұсынылады. Бұл тетік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдарда қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50% - ын субсидиялауды көздейді.



Барлық жаңалықтар