• Басты
  • Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді
10 Қаңтар, 2020 15:43

Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың аймақтарға сапары аясында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.

Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Палата Спикері өңірге жоспарланған сапарын биыл туғанына 175 жыл толатын Ұлы ағартушы, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының туған жерінен бастады.

Семей қаласында Нұрлан Нығматулин "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық мұражайында болды.

3 (1).jpg

Мәжіліс Төрағасы Ұлы Абай қазынасы Қазақстан халқының рухани игілігі екенін алға тарта келіп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың ұлы ақын шығармаларын кеңінен насихаттауға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Абай шығармаларын сақтау мен Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алға қойған міндеттердің маңыздылығына тоқталды.

2 (1).JPG

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, оларды жүзеге асыру әлемдік деңгейдегі тұлғаның 175 жылдығын жоғары деңгейде өткізумен қатар, еліміздің тарихи-мәдени мұраларын одан әрі нығайтуға жол ашатыны сөзсіз.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды