• Басты
  • Нұрлан Нығматулин Солтүстік Македония делегациясымен кездесті
25 Қыркүйек, 2019 15:12

Нұрлан Нығматулин Солтүстік Македония делегациясымен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин  дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде  Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Нұрлан Нығматулин Солтүстік Македония делегациясымен кездесті  | Strategy2050.kz

Тараптар екі ел арасындағы, соның ішінде, парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.   

Ең алдымен Мәжіліс Спикері кеше Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысып, Еуразия кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы парламенттердің өзара іс-қимылы туралы ой-пікірлерін ортаға салғаны үшін мәртебелі мейманға алғыс білдірді.  

Біздің еліміз Солтүстік Македониямен ынтымақтастықты нығайтуға ынталы екенін алға тартқан Н. Нығматулин басым бағыттар ішінде, әсіресе сауда-экономикалық, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық әріптестік аясында туризмнің тиімділігін  атап өтті. Солтүстік Македония тау туризмінің орталығы ретінде танымал. 

Ал, саяси ықпалдастықты нығайтуда парламентаралық байланыстың маңызы зор.  Осы ретте тараптар бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сынды халықаралық алаңдарда ортақ ұстанымдарды үйлестіру маңызды.  

Өз кезегінде Талат Джафери барлық салада біздің елдеріміздің жан-жақты серіктестігін нығайту үшін парламенттік дипломатияны күшейту жайына жан-жақты назар аударды. Солтүстік Македония өкілі Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі өте жоғары деңгейде өткенін және Еуропа мен Азия елдері арасында парламенттік диалогты дамытуға жаңа серпін бергенін ерекше атап өтті. 

 

Палата Спикері ресми делегация сапары біздің елдеріміздің көпжақты ынтымақтастығын ынталандыруға ықпал ететініне сенім білдірді. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды