• Басты
  • Нұр-Сұлтаннан Си Цзиньпиннің отанына әуебағыты ашылды
6 Қаңтар, 2020 11:37

Нұр-Сұлтаннан Си Цзиньпиннің отанына әуебағыты ашылды

"Scat” әуекомпаниясы дүйсенбі және жұма күндері Нұр-Сұлтаннан Сианьға қатынайтын әуебағытты ашты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтаннан Си Цзиньпиннің отанына  әуебағыты ашылды

Жаңа бағыт бойынша алғашқы рейс 30 желтоқсан күні жүзеге асырылды.Ұшу уақыты 5 сағатты құрайды. Ұшу Boeing-737 әуекемесі арқылы жүзеге асырылады. 

"Scat” әуекомпаниясының жерде қызмет көрсету кешенінің директоры Дәулет Хамзин бір бағытқа ұшудың билет құны 70 мыңнан басталатынын айтты.

"Бұл әуебағыты арқылы қазақстандықтар Қытайдың тарихи қаласымен танысып, Терракот әскерін тамашалай алады. Сондай-ақ, рейстер ел ішіндегі қалаларда тоғысуы арқылы ұшады. Мәселен,Тараз,Өскемен,Семей,Ақтау қалалары арқылы рейстер тоғысады. Бұл бизнес өкілдері үшін де,тұрғындар үшін де ыңғайлы болмақ",-деді ол.

photo5231093901526412428.jpg

Өз кезегінде ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо аталған әуебағытының ашылуы екі ел арасындағы туристік ахуалды арттыратынын айтты.

"Қытай мен Қазақстан арасын жалғайтын тағы бір көпір ашылды. Осыған дейін Нұр-Сұлтан-Пекин,Алматы-Нұр-Сұлтан,Үрімшіге әуекемелері ұшатынын білеміз.Сиань қаласы Қытайдың көне,тарихи қаласы. Бұл қала ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің отаны екенін де айта кету керек. Сондай-ақ,Сиань қаласы қазақстандық бизнес өкілдері үшін де маңызды, жекешелік және әріптестік саласына да ерекше тартымды. Сондықтан да бұл бағыт сұранысқа ие болады деп ойлаймын",-деді ол.

Айта кетейік,”Scat” әуекомпаниясы қазақстандық нарықта 22 жыл жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда компания 50 ішкі,25 халықаралық рейстерді жүзеге асырады.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды