• Басты
  • Нұр-Сұлтанда инвесторлардың қатысуымен қандай нысандар салынады
23 Қыркүйек, 2019 17:07

Нұр-Сұлтанда инвесторлардың қатысуымен қандай нысандар салынады


Қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласы бойынша 12 жоба таныстырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Нұр-Сұлтанда  инвесторлардың қатысуымен қандай нысандар салынады | Strategy2050.kz

Жобаларды іске асыру 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және ел экономикасына 20 млрд теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік береді.

 Жеке инвестициялар есебінен жалпы білім беретін орталық, төрт мектеп салу жоспарланып отыр, 2-ші базада балабақшалар жұмыс істейтін болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл шамамен 4,5 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, "International School of Nur-sultan City" ЖШС финдік білім беру әдістемесін енгізе отырып, жеке мектеп салуды жоспарлап отыр. Жүйенің ерекшелігі - әр балаға жеке оқыту жоспары жасалады. Мектепте жабық бассейн және футбол алаңы болады.

Кеңесте сондай-ақ медициналық орталық, спорт кешені мен көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобалары да қолдау тапты. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында жаңа жобалар қаралды. Олар: асфальт-бетон зауыты, темір-бетон бұйымдары мен коммуналдық арнайы техника шығаратын зауыт.

Бүгінгі таңда елордада 21,8 млрд.теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалды: ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба, медицина саласында - 1 және білім беру саласында жеке меншік мектептер құрылысы бойынша 4 жоба. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды