• Басты
  • Нұр-Сұлтан – Петропавл учаскесін қайта жаңарту жұмыстары биыл күзде аяқталады
18 Мамыр, 2020 18:29

Нұр-Сұлтан – Петропавл учаскесін қайта жаңарту жұмыстары биыл күзде аяқталады

 «Нұр-Сұлтан – Петропавл - Көкшетау қаласына кіру учаскесі» автомобиль жолының 282-289 шақырымдары аралығындағы учаскені жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба бойынша жол учаскесі үшінші санаттан төрт жолақты 1-б техникалық санатына ауыстырылады.  



Нұр-Сұлтан – Петропавл учаскесін қайта жаңарту жұмыстары биыл күзде аяқталады

Биылғы жол-құрылыс маусымында бас мердігер «Казахдорстрой» ЖШС жолдың 6 шақырымында оң жақ бөлігінде жабынды қабаттарын, 6,5 шақырымында жолдың сол жақ бөлігінде қиыршық тасты – мастикалық асфальт-бетоннан жасалған жол жабындының жоғарғы қабатын төсеуі тиіс. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнда 69 жаңа жол белгісі, металлдан жасалған тосқауылдық қоршаулар орнатылып, жол беті таңбаланады.  

Өткен жылы жол учаскесінің 6,5 шақырымында бір бағыт бойынша ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі қабаты төселіп, 10 су өткізу құбыры салынды. Ұзындығы 3 шақырымды құрайтын қардан қорғайтын дуал орнатылды.  

Учаскедегі жұмыстарға 120 адам және 39 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Жұмысқа тартылған азаматтардың 60% – жергілікті тұрғындар. Жұмыс қазіргідей қарқынмен жүргізілген жағдайда нысан жоспарланған мерзімнен бұрын, яғни 2020 жылдың күзінде пайдалануға беріледі. 

"Нұр-Сұлтан - Петропавл" тасжолының жалпы ұзындығы - 324 шақырым.

Барлық жаңалықтар