• Басты
  • Нұр-Сұлтан мен Алматыда экономиканың бірқатар секторларының жұмысы қалпына келтіріледі
13 Сәуір, 2020 16:44

Нұр-Сұлтан мен Алматыда экономиканың бірқатар секторларының жұмысы қалпына келтіріледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 



 Нұр-Сұлтан мен Алматыда экономиканың бірқатар секторларының жұмысы қалпына келтіріледі

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал мен кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру бойынша ұсынылатын шаралар туралы әкімдер А. Көлгінов пен Б. Сағынтаев баяндады.

Мемлекеттік комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, әкімдердің ұсыныстарының негізінде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтаумен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. 

Бірінші кезең аясында биылғы 20 сәуірден бастап өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының, сондай-ақ қызмет көрсету саласының белгілі-бір секторларының жұмысы қалпына келтіріледі. Олардың жұмыс істеуі үшін қойылатын міндетті шарт — санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау. 

І кезең аясында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жұмысын қалпына келтіретін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін Мемлекеттік комиссия биыл 15 сәуірде бекітеді. 

Үкімет басшысы жұмысын қалпына келтіретін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ қызметкерлерінің жұмыс орындарында әлеуметтік ара қашықтықты сақтауына қатаң бақылау жасауды тапсырды. 

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар байланыс желілері мен интернет жұмысын қамтамасыз ету, мұнай өнімдерінің экспортын реттеу және басқа да мәселелерді қарастырды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды