• Басты
  • Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының қоқыстан ластану жағдайы талқыланды
8 Шілде, 2020 15:12

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының қоқыстан ластану жағдайы талқыланды

Нұр Сұлтан және Алматы қалаларының қоқысты қабылдауы туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің қорытындылары ұсынылды, - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.



Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының қоқыстан ластану жағдайы талқыланды
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «Stop Musor» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары тұрғындарының арасында олар өз қалаларындағы қоқыс проблемасы туралы не ойлайтындары және өздері осы проблеманы шешуге дайын екендіктерін білу үшін сауалнама жүргізді. Сауалнамаға екі қаланың 400 азаматы қатысты.
Сауалнама қорытындысы бойынша:
• Екі қаланың тұрғындары үшін қоқыс мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болып табылады.
• Әрбір екінші респондент қоғамдық орындарда ұсақ қоқыс (стақандар, орамалдар, бөтелкелер, темекі қалдықтары және т.б.) жиі кездесетінін атап өтті.
• Адамдардың қоқысты арнайы жәшікке тастамайтындарына бұрыс қарайды.
• 18 жастан 24 жасқа дейінгі ер адамдар мен жастар қоғамдық орындарда ұсақ тұрмыстық қалдықтарға аса назар аудармайды.
• Сауалнама барысында респонденттерден өздері қоқысты тиіст емес жерде тастады ма деген сұраққа жауап берді. Жалпы респонденттердің 70% -ы мұны жасамағанын атап өтті, ал 18 жастан 24 жасқа дейінгі ер адамдар мен жастар әлі де кез-келген жерге қоқыс тастайтындықтарын мойындады.
• Сауалнамаға қатысқан алматылықтардың 51% -ы соңғы алты айда қаладағы ахуал өзгерген жоқ, ал 6% -ы нашарлады деп санайды. Нұр-Сұлтан қаласының әрбір екінші тұрғыны, керісінше, осы мәселе бойынша оң өзгерістерді атап өтеді.
 
Респонденттер сондай-ақ, олардың қалаларында қоқыс жинау мен сұрыптау проблемалары мен қоқыс жәшіктері жеткіліксіз екенін атап өтті. Бұл әсіресе Алматы тұрғындарына қатысты.
Қосымша проблемалардың қатарында респонденттер қоқысты сұрыптауға арналған арнайы контейнерлердің жоқтығын, қоқысты өңдейтін зауыттардың жоқтығын, сонымен қатар халықтың білімі мен мәдениеті жоқтығын айтты.
⠀ Онлайн-сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен консалтингтер саласында қызмет көрсетуге маманданған Alvin Market компаниясы жүргізді.
Екі қаланың тұрғындары үшін тұрмыстық қоқыспен ластану мәселесі өзекті болып тұр. Көшеде майда қоқыстар көп. Олар: темеке қалдықтары, пакеттер, қағаз стақандар. Арнайы урналар тұрса да, далаға лақтыру әдетке айналып кеткен, - деді Alvin Market компаниясының директоры Наталья Оспанова.
  Н. Оспанованың айтуынша, сауалнамаға қатысқан алматылықтардың 51%-ы соңғы жарты жылда қаланың қоқыспен ластану жағдайы өзгермеген деп, ал 6% - ы жағдай нашарлаған деп есептейді. Ал Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының басым бөлігі қаланың ластануы азайып келе жатқанын айтқан. 
Респонденттер қалаларда қоқысты утилизациялау проблемасының бар екенін айтқан. Урналар мен қоқыс жәшіктері жетіспейді. Бұл проблема әсіресе Алматы қаласында кең таралған, - деді спикер.
 Айта кету керек, онлайн-сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен консалтингтер саласында қызмет көрсетуге маманданған Alvin Market компаниясы жүргізді.
Барлық жаңалықтар