• Басты
  • Нұр-Сұлтан әкімі: Елордада 5984 адам коронавирус жұқтырған
7 Шілде, 2020 16:01

Нұр-Сұлтан әкімі: Елордада 5984 адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19-бен ауырған 5984 адам тіркелді.Олардың жартысынан көбі емделді. 61 адам көз жұмды. Қазір қала басшылығы төсек-орындарды көбейту үстінде. Олардың 3700-і 13 стационарда. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келтірді.
Нұр-Сұлтан әкімі: Елордада 5984 адам коронавирус жұқтырған
Қала басшысы КВИ расталған жүкті әйелдерге арналған перинаталдық орталық жеке ашылғанын айтты. Бірінші қалалық аурухана жұқтырғандарды емдеуге толығымен көшті. Оқу орындарының жатақханалары базасында мыңнан астам төсек-орын ашуға дайын. 200 ИВЛ аппараты, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторлары және 2 КТ жеткізіледі деп күтілуде.

«Томографтарға жүктемені біркелкі бөлу үшін біз Нұр-Сұлтан клиникаларын республикалық, сондай-ақ жеке меншік клиникаларын тарттық. Мысалы, КТ жақын маңдағы емханаларда қызмет көрсетеді. Травматология ғылыми орталығы да пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін тартылған»,- деп атап өтті әкім.