• Басты
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдоқорғаннан Үшаралға ұшып баруға болады

Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдоқорғаннан Үшаралға ұшып баруға болады

5 Мамыр, 2020 17:05

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл көлінің жағалауына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үшарал қаласына субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстерді орындау жоспарлап отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz.



Атап айтқанда: 

  • Нұр-Сұлтаннан Үшаралға «Qazaq Air» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 265 млн. теңге бөлінеді.  Тариф құны – 16 мың теңге. 

  • Алматыдан Үшаралға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бөлінген сома – 225,8 млн. теңге. Тариф құны – 10 мың теңге. 

  • Талдықорғаннан Үшаралға «Жетысу» әуе компаниясы мамырдан қазанға аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 218,7 млн. теңге бөлініп, тариф құны 8 мың теңге болады. 

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес биыл Республикалық бюджеттік комиссия мақұлдаған жағдайда Үшарал кенті әуежайының ұшу-қону жолағын, басқару жолын, тұрақтар мен перронды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Жобалық-бағалау құжаттамасы пысықталып, «Мемлекеттік сараптама» РМК-нің оң қорытындысы алынған. Соған сәйкес жобаның толық құны 7,5 млрд. теңгені құрайды (2020 ж. - 4,7 млрд. теңге, 2021ж. – 2,7 млрд. теңге). 

Барлық жаңалықтар