- Басты
- Жаңалықтар
- Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидахуалдың күрделене түскенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жағдайды ушықтырған – санитарлық талаптардың сақталмауы
Тимур Мұратов мәлімдегендей, індеттің өршуі бойынша елорда 20-күн «қызыл аймақта». Наурыз айында 4939 жағдай тіркелген.
«Наурыз айынан бастап инфекцияны жұқтырып алу 25% өсті. Пандемияның өршіген шағымен салыстырсақ, эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың жаз айларына ұқсас болып келеді», - деді ол.
Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына ауыр және өте ауыр хәлде түсіп жатады. Әсіресе, бұл қарт, және 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар.
Бүгінге сәйкес КВИ анықталған жаңа 623 жағдай тіркелген. Төсек орындардың жүктемесі 74%-ды құрайды. Жан сақтау бөлімінде 66 адам жатыр. Олардың саны артып жатыр.
Күніне 350-ден 400-ге дейін жағдай тіркеледі, 100 000 тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 153,5 құрады, репродуктивті саны 1,179. Ағымдағы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 11 000 - нан асты, пандемия басталғалы бері - 30 000-нан астам жағдай тіркелді.
Оның айтуынша, ақпан айымен салыстырғанда аурудың таралу көрсеткіші бірнеше есеге артқан.
«Инфекцияны жұқтырып алу 25%-ға өсті. Егер ақпанда тәулік ішінде орта есеппен жаңа 100 жағдайлар тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 250-ге жетіп отыр», - деді ол.
Сарапшының түсіндіруінше, жағдайдың күрделенуіне санитариялық нормаларды сақтамай, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, карантиндік режимнің бұзылуы себеп болып отыр.
«Белсенді ошақтар саны 1735. Медициналық бақылауда 4172 байланыста болған адам бар», - деп қосты Тимур Мұратов.
Оқушылар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші – 11,3%.
Наурыз айында мектеп оқушылары арасында коронавирус 1,6 есе және студенттер арасында 1,5 есе өсті.
29 наурыздағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында CОVІD-19 жұқтырудың 1654 жағдайы тіркелді, оның ішінде 515 (+16) немесе оффлайн режимде оқушылар арасында 31%, қашықтан оқытуда оқушылар арасында 1114 (+25) жағдай немесе 69%, яғни наурыз айында оффлайн режимде оқитын оқушылар арасында сырқаттанушылық 10%- ға артты.
"Оқу жылының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 92 мектеп карантинге жабылды. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалар арасында 170 жағдай тіркелген. 104 мектепке дейінгі балалар мекемесі (9 жағдаймен бір мектепке дейінгі балалар мекемесі), оның ішінде 95 топ карантинге жабылды. Қазіргі уақытта 19 мектепке дейінгі балалар мекемесі, оның ішінде 16 топ карантинде», - деді спикер.
Сонымен қатар, қалада тәуліктік қуаттылығы 12 мыңнан асатын КВИ диагностикасы бойынша 24 зертхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері барлығы 335 138 зерттеу, оң 13 903, оның ішінде қайталама және бақылау талдаулары жүргізілді.
Дәрігерлерге түсетін жүктеме артты
«Елорда дәрігерлері мен медициналық персонал қайта екі еселенген жүктемемен жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда инфекциямен күреске 3 700-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда жұқпалы аурулар ауруханаларына құрылған кадрлық резервт жұмыс істеуге тартылатын болады», - деп дәрігерлердің жұмысы қайта көбейгенін еске салды.
КВИ-ға қарсы күресте 11 аурухана, оның 10-ы жұқпалы, 1-і карантиндік ретінде тартылып, қызмет етіп келеді. 3 медициналық ұйымдарда қосымша 300 инфекциялық төсек-орын орнатылады.
Жұмылдырып отырған ауруханалар өзге де аурулармен науқастарға медициналық көмек көрсететінін атап өтемін, яғни науқастар бұрынғыдай жоспарлы түрде, шұғыл түрде де ем қабылдайды.
Вакцинациялау жалғасуда
Бүгінгі брифингте мәлім болғандай, тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Бүгінде бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3 024 адамға салынды.
-медициналық қызметкер 4 836,
-мұғалімдер – 1 945,
-созылмалы аурулары бар адамдар – 1 071,
-құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 1 207,
-басқа топтағылар – 1 802.
Дәрігерлер екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары тіркелмегенін айтты.
36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған 2 вакцинация бөлмелері, вакцинациядан кейін пациенттерді бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істейді.
Барлық емханаларда тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды қоймадан екпе салу мекеніне тасымалдауға арналған термиялық контейнерлер бар. Вакциналар барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталады.
Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеу шаралары енгізілді
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдатудың қосымша шаралары туралы Қаулысы қабылданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ертеңнен бастап әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізіледі.
Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сондай-ақ сауда желілерінің жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін азық-түлік емес тауарларды сату жөніндегі қызметін шектеу, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Тек оларда орналасқан дәріханалар, сондай-ақ азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын шағын маркеттер, супермаркеттер мен гипермаркеттер, сондай-ақ осы қаулымен, орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілер үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.
Жұмыс күндері жұмыс уақыты қысқартылды және демалыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің, базарлардың, спорт объектілерінің, моншалардың жұмысына тыйым салынды. Жексенбі күні автобустар қозғалысы тоқтатылады, ал мектеп бітіруші сыныптардан басқа, оқушылар мен студенттер қайта онлайн оқуға көшеді.
Аниматроникс театрларының, океанариумның, шағын хайуанаттар парктерінің, концерт залдары мен театрлардың жұмысына, спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді
-
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады
-
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан
-
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай
-
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

