• Басты
  • Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды
26 Желтоқсан, 2019 17:03

Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алаңында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша дөңгелек үстел өтті, онда мүгедектердің көтерген мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар талқыланды, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.
Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

Дөңгелек үстел жұмысын аша отырып, Бердібек Сапарбаев Қазақстанда 690 мың мүгедектігі бар адамдар тұратынын және мемлекет деңгейінде олардың өзекті мәселелерін шешуге көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылы жәрдемақы төлеуге және мүгедектігі бар адамдарды арнайы әлеуметтік қызметтермен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге 400 млрд.теңге көзделді. Алдағы уақытта оларды әлеуметтік қолдауға 448 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, 2020 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Көкшетау қалаларында оңалту орталықтарының құрылысы басталады. «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында біз үнемі мониторинг жүргізіп, ең маңызды мәселелерді өзектендіріп, қоғамды олар бойынша шешімдер әзірлеуге тартамыз. Бүгін біз мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік оңалту тиімділігін арттыруға, кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге, мүгедектіктің профилактикасы мен алдын алуға, білімге қолжетімділікке байланысты мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

«Мүгедектігі бар адамдар көтеретін мәселелер және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар туралы» баяндамасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жасады, ол мүгедектігі бар адамдар көтерген барлық мәселелердің төрттен бірі жеке көмекшілерге қатысты екенін айтты.

«Жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынатын ҮЕҰ-ға көптеген шағымдар келіп түседі, атап айтқанда, олардың қызметінің ашық еместігі, әкімшілік шығындарға қаражаттың 10%-ын ұстап қалады, қызметтерге уақтылы төлемеу, жұмыс істеген уақыт санын дұрыс бағаламау және т.б. Мүгедектігі бар адамдардың наразылығына жеке көмекшілер үшін әлеуметтік пакеттің жоқтығы, көрсетілетін қызметтерді бақылаудың тиімді тетігінің жоқтығы, болу орны мен уақыты туралы есеп беру қажеттілігі, сондай-ақ жеке көмекшілердің қызметтері шектеулі», – деді ол.

Әукеновтің айтуынша, мүгедектермен белгіленген мәселелерді шешу үшін 2015 жылғы 22 қаңтардағы қолданыстағы бұйрыққа жеке көмекшілердің қызмет көрсетуін реттейтін, жеке көмекшілердің қызмет көрсетулері бойынша ең көп сағат көлемін айына 176 сағаттан асырмай белгілеу; ҮЕҰ-ны әкімшілік шығындарға 5% - дан асырмай ұстап қалуды болжайтын нормаларды енгізу; қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын және жеке көмекшілерге қойылатын талаптарды анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдардың ескертулерін ескере отырып, бұйрық жобасынан жақын туыстарына жеке көмекшілер қызметін көрсетуге тыйым салатын норма алынып тасталды.

Бұдан басқа, өңірлерге 2020 жылғы қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдардың өтніштеріне байланысты тікелей жеке көмекшілермен немесе ҮЕҰ арқылы шарт жасасуды қамтамасыз ету және осыған байланысты келесі жылға арналған мемлекеттік сатып алудың бюджеті мен жоспарын қалыптастыру ұсынылды.

Вице-министр сондай-ақ 2020 жылғы шілдеден бастап жеке көмекшілердің қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылатынын, содан кейін шарт мүгедектігі бар адамның өзі жеке көмекшісімен немесе ҮЕҰ-мен жасалатынын хабарлады. Қызметті порталға ауыстыру Бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтаған осы саладағы бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Бұдан басқа, көптеген өтініштер медициналық-әлеуметтік сараптамадан (бұдан әрі – МӘС) өтуге және мүгедектікті белгілеуге байланысты. Мүгедектігі бар адамдар қолайсыз оңалту болжамы бар аурулар бойынша қайта куәландырудан жиі өту қажеттігіне байланысты қолайсыздықтарды бірнеше рет атап өтті», – деп атап өтті Әукенов.

Осы мәселені шешу үшін Еңбекмині Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзірледі. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жылға белгіленетін, организм функцияларының айқын бұзылуымен 19 аурудың тізбесі бекітілді. Сонымен бірге, 18 жастан асқан адамдарға мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз екінші топ мүгедектігі белгіленетін емдеуге келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесі кеңейтілді. Сондай-ақ 16 жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер тізбесі кеңейтілді.

Әукеновтің айтуынша, мүгедектер санаторлық-курорттық емделуді ұсыну және оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ТОҚ) қамтамасыз ету мәселелерін көтереді.

Мәселен, санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз болған ұйым көрсетеді, не болмаса үкіметтік емес ұйымдармен шарт жасасу арқылы ұсынылады. Нәтижесінде жолдамалар әріптес санаторийлерге беріледі және мүгедектер мекемені өз бетінше таңдай алмайды. Бұған қоса, санаторлық-кукрорттық емдеу мерзімі айқындалмаған, соның салдарынан түрлі өңірлерде оның ұзақтығы 7-ден 14 күнді құрайды.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, ТОҚ  ең аз құны бойынша не ҮЕҰ-дан бір көзден сатып алынады. Бұл ретте тауарлар мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктерін ескерместен жаппай сатып алынады.

«Қазір біз қолданыстағы бұйрыққа мүгедектер үшін 14 күннен кем емес санаториялық-курорттық емделу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгіземіз. 2020 жылдың шілдесінен бастап шипажайлық-курорттық емдеу қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына көшіріледі, бұл мүгедектігі бар адамдарға ұйымды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, порталды іске қосу ТОҚ ұсыну тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді. 2020 жылдың қаңтарынан бастап жеке іріктеуді талап етпейтін ТОҚ 55 түрінің 24-і порталға қалған 31 түрі - 2021 жылдың қаңтарынан бастап ауыстырылатын болады. Бұл мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерді, сапаны, өнім берушінің беделін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін және т.б. ескере отырып, ТОҚ-ты өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді», – деді Ерлан Әукенов.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Берік Камалиев көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғын үй беру мәселелерін шешу туралы хабардар етті. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров санаторлық-курорттық емдеу көрсетілген аурулар мен денсаулық бұзылуларының тізбесі туралы айтып берді. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мүгедек балаларға арналған ұзартылған бағдарламаларды ашу жоспары туралы баяндады. Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық сайттарының қолжетімділігі жөнінде ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов хабардар етті.

Өңірлердің мүгедектігі бар адамдар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды