• Басты
  • Н. Нығматулин: Шахмат – спортта дұрыс қадам жасауға үйретеді
10 Желтоқсан, 2019 14:26

Н. Нығматулин: Шахмат – спортта дұрыс қадам жасауға үйретеді

Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті.
 Н. Нығматулин: Шахмат – спортта  дұрыс қадам жасауға үйретеді

Парламент тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық парламенттік турнирге қазақстандық депутаттармен қатар, Армениядан, Қырғызстаннан, Молдовадан Парламент өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы бұл шара дәстүрге айналғанын айтты.

«Біз егемен еліміздің ең мәртебелі, ең ұлы мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте халықаралық шахмат турнирін өткізіп отырмыз. Бұл енді еліміздің абыройын көтеріп жүрген даңқты спортшылармен жыл сайын ұйымдастырлатын дәстүрлі шараға айналады. Ал, алғашқы кездесудің әлемнің 4-дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың қатысуымен шахматтан басталуы - ол ең алдымен осы танымдық ойын түрінің дамуына үлес қосумен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, жас ұрпақ арасында, мектеп қабырғасында кеңінен насихаттауға жол ашатыны сөзсіз. Себебі, шахмат - спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді»,-деді Н. Нығматулин.

Осыдан кейін Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы басталды. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, аталған турнирге шетелдік әріптес-депутаттардың Нұр-Сұлтанға арнайы келіп, қатысуы парламентаралық ынтымақтастықтың да жоғары деңгейін көрсетеді. Шара барысында Палата Спикері Динара Сәдуақасоваға Парламент Мәжілісінің атынан арнайы алғыс хат табыс етті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды