• Басты
  • Н.Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясында сөз сөйледі
14 Қазан, 2019 18:12

Н.Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясында сөз сөйледі


Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-отырысында сөз сөйледі. 
Н.Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясында сөз сөйледі

Әлем елдері парламентшілерінің басын қосқан маңызды шарада халықаралық құқықты нығайту, оның ішінде парламенттің рөлі мен тетіктері, сондай-ақ аймақтық ынтымақтастық мәселелері әңгіме өзегіне айналды. 

Мәжіліс Төрағасы қазіргі халықаралық серіктестік пен әріптестікке ұмытылу кезінде ұзақ мерзімді мемлекетаралық келісімдер өзгеріп қана қоймай, тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қарарымен, ПАО талқылауына шығарылатын мәселелер шеңбері маңызды әрі ауқымды екеніне тоқталды. 

“Осыған байланысты Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын ұстанатындығын және сақтайтынын атап өткім келеді”, - деді Нұрлан Нығматулин Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141- отырысында. 

Мәжіліс Төрағасы еліміз аймақтық және жаһандық қақтығыстарды тек халықаралық мойындалған келіссөздер форматында шешу үшін диалог алаңдарын құрып және ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге күш салып жатқандығын еске салды.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, әлемнің екі бөлігінің - Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан үшін аймақтық ынтымақтастықты дамыту ерекше маңызға ие. 

- Парламенттер өздерінің мүмкіндіктері мен жұмыс тетіктері арқылы халықаралық құқық қағидаларын сақтау мен нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алатыны анық - деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесінің қорытындысы парламенттік дипломатияны дамытудың рөлі зор екенін көрсетті.  

Нұрлан Нығматулин халықаралық парламентшілердің назарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық құқық негізінде ынтымақтастықты күшейтіп, дамытатын негізгі бастамаларына аударды.

Ол біріншіден, халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын растау бойынша БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру туралы. 

“Өз кезегінде, Парламентаралық Одаққа қатысушы парламентшілер БҰҰ Жарғысының орталық рөлін жандандыру бойынша жоғары деңгейдегі заңнамалық пікірсайыстар өткізе алады”, - деді Нұрлан Нығматулин.

Терроризм қаупі мен есірткіні Интернет арқылы сатумен күресте ортақ күш-жігерді үйлестіретін және әлемдік экономика мен әлеуметтік дамудың жаңа цифрлық дәуірге өтуінің құқықтық негізін жасауға көмектесетін құқықтық актілерді үйлестіру де маңызды.

Халықаралық шарттар мен келісімдерді ратификациялау халықаралық құқықтың нығаюына да ықпал етеді.

Осыған байланысты, Мәжіліс Төрағасы өз әріптестерін БҰҰ-ның Ядролық қаруға тыйым салу туралы жаңа шартын қолдауға және оны Парламентаралық одаққа қатысушы елдердің ратификациялауға үндеді. Қазақстан осы келісімге осы жылдың шілдесінде қол қойып, ратификациялады, бұл біздің ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге деген ұмтылысты растайды, - деді Нұрлан Нығматулин Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысында.

Мәжіліс Төрағасы халықаралық құқықты нығайту және аймақтық ынтымақтастықты дамыту сияқты жаһандық мәселелерді шешу әлемнің барлық елдерінің бірлескен күш-жігерін және келісілген іс-қимылдарын талап ететініне сенім білдірді.

“Біз ұлттық заңнамаларды іргелі халықаралық нормативтік құжаттарға, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенцияларына сәйкес біріздендіру мүддесінде парламентаралық ынтымақтастық әлеуетін барынша пайдалануымыз керек”, - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды