• Басты
  • Н.Нығматулин Сербия Парламентінің Төрағасымен кездесті
14 Қазан, 2019 12:15

Н.Нығматулин Сербия Парламентінің Төрағасымен кездесті


Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербия Парламентінің Басшысы Майя Гойковичпен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Н.Нығматулин Сербия Парламентінің Төрағасымен кездесті

Тараптар келіссөзді Белградта өтіп жатқан   Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысы аясында жүргізді. 

Сербия - Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды саяси серіктесі екенін айтқан Нұрлан Нығматулин екі ел арасындағы қатынастар толығымен өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамып келе жатқанына тоқталды. 

Мәжіліс Төрағасының пікірінше Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Сербияға жасаған ресми сапары, Сербия Президенті Александр Вучичтің 2018 жылы Қазақстанға жасаған іс-сапары, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградта Қазақстанның Елшілігін ашу туралы шешімі екі елдің ынтымақтастығын арттырды.

Ауыл шаруашылығы, құрылыс, фармацевтик және туризм саласындағы ынтымақтастық әлеуетті бағыттардың бірі болып табылады. ЕАЭО пен Сербия арасындағы құрылған еркін сауда аймағы да үлкен мүмкіндіктерге ие.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы қазақстандық және сербиялық парламентшілер арасындағы қатынастардың дамуына қолдау білдірді. Бұл реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету, ынтымақтастық топтары мен тиісті комитеттердің белсенді өзара іс-қимылы бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Нұрлан Нығматулин Майя Гоиковичке қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысқаны үшін алғысын білдіріп, форумда айтылған бастамалар мен ұсыныстар Еуразиялық аймақ елдерінің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды