• Басты
  • Н.Нығматулин Семей дәрігерлерімен «Денсаулық туралы» кодексті талқылады
10 Қаңтар, 2020 16:56

Н.Нығматулин Семей дәрігерлерімен «Денсаулық туралы» кодексті талқылады

Қазіргі уақытта Мәжіліс қарауына енгізілген «Денсаулық туралы» кодекс жобасы Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Шығыс Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесуде әңгіме өзегіне айналды.

Н.Нығматулин Семей дәрігерлерімен «Денсаулық туралы» кодексті талқылады

Талқылау Мәжіліс Төрағасының өңірге сапары барысында Семей қаласындағы жедел медициналық көмек ауруханасында өтті.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Кодекстің жаңа жобасы елімізде медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосу керектігін атап өтті.

3.jpg

Заң жобасында аурулардың алдын-алу, дәрігерге дейін және дәрігерлік көмек көрсету деңгейін анықтау, сондай-ақ трансплантологиялық жаңа қадамдарға қатысты көптеген жаңалықтар қарастырылған. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, қазіргі уақытта Палата қарауындағы үкіметтік нұсқа депутаттардың аймақтарға сапары барысында түрлі орталарда жан-жақты талқылануда.

Негізгі жұмыс құрамына Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар, МЕҰ мүшелері, медициналық қызметкерлер қамтылған жұмыс тобында тиянақты қолға алынуда.

4.jpg

Бүгінгі дәрігерлер ғана емес, мектептер мен бала-бақшалар басшылары, психологтар мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысқан мазмұнды жиында трансплантология, алдын-алу екпелері, скринингтік зерттеулер басқа да өзекті сұрақтар талқыланды.

Мәжіліс Төрағасы бұл құжат туралы қорытынды жасауға әлі ерте екенін, барлық ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, халыққа қажетті, сапалы заң қабылданатынын атап өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды