• Басты
  • Н.Нығматулин Парламентаралық одақтың Төрағасымен келіссөздер жүргізді
14 Қазан, 2019 11:20

Н.Нығматулин Парламентаралық одақтың Төрағасымен келіссөздер жүргізді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербияда өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының (ПАО)141-ші отырысы аясында беделді халықаралық ұйымның төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен кездесті.  


Н.Нығматулин  Парламентаралық одақтың Төрағасымен  келіссөздер жүргізді

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, сондай-ақ болашақтағы бірлескен іс-шаралар жоспары туралы талқылады.

Сонымен бірге, Нұрлан Нигматулин мен Габриэла Куэвас Баррон халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықтың қажетті элементі ретінде парламенттік құрамның маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты, Мәжіліс Төрағасы мен ПАО басшысы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері Спикерлерінің 4-ші кеңесінің нәтижелерін жоғары бағалап, Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысында Халықаралық құқықты нығайту: парламенттің рөлі мен тетіктері, және аймақтық ынтымақтастықтың үлесі тақырыбында талқыланып жатқан мәселелер қатысушылардың еркін пікір алмасып, өз елдерінің тәжірибелерімен бөлісуге және саяси диалогты дамытуға ықпал ететін тетіктерді құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

Биыл 130 жылдық мерейтойын атап өткен Парламентаралық одақтың құрамына қазіргі уақытта 179 ұлттық парламент пен бірқатар халықаралық парламентаралық бірлестіктер кіреді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды