• Басты
  • Н.Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды
15 Қараша, 2019 10:12

Н.Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Ханой университетінде Абай орталығына барды, сонымен қатар, ұстаздар және студенттер қауымымен кездесті.

 

Н.Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды

Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығы 2013 жылы ашылған. Бүгінде аталған орталықта ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына қызу дайындық жүріп жатыр. Нұрлан Нығматулин, екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына айрықша назар аудара келіп, данышпан Абайдың мерейтойына дайындық шараларына тоқталды. Сондай-ақ, орталыққа арнайы әкелген кітаптарды сыйға тартты.

 Аталған университет биыл құрылғанына 60 жыл толатын көне оқу орындарының бірі. Кездесуге жиналған ұстаздар мен студенттер алдында Нұрлан Нығматулин тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу, даму кезеңдері бойынша жетістіктерге тоқтала келіп, Вьетнам елінің экономикалық табыстарына да көңіл бөлді. Әсіресе, кездесу барысында қос мемлекет арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды тереңдету әңгіме өзегіне айналды. 

Студенттермен жүздесу кезінде сапалы білім тақырыбына сөз арнаған Мәжіліс Төрағасы қазіргі "білім экономикасы" дәуірінде оның маңыздылығы арта түскенін атап айтты. Нұрлан Нығматулин қазақстандық-вьетнамдық ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін алға тарта келіп, көлік-логистика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сондай-ақ, туризм салаларынының басымдықтарын атап өтті. 

Осы ретте Палата Спикері білім бағытында, кәсіпкерлік құрылымдары арасында тығыз байланыс орнатудың маңыздылығына көңіл бөлді. Өз кезегінде студенттер Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы Келісімнің Қазақстан мен Вьетнам үшін тиімді бағыттары, елдеріміз парламенттерінің ерекшеліктері туралы қызығушылық танытты. Сонымен қатар, болашақта сұранысқа ие мамандықтар, депутаттар жұмысында әлеуметтік желілердің маңыздылығы жөнінде Мәжіліс Төрағасының пікіріне назар аударды.


 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды