• Басты
  • Н.Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы шараларына қатысады

Н.Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы шараларына қатысады

4 Қараша, 2019 09:55

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 4-5 қарашада Ереванда өтетін ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі шараларына қатысады.

Мәжіліс Спикерінің бағдарламасында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен, сондай-ақ, Парламент төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесу жоспарланған. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің, ҰҚШҰ ПА пленарлық отырыстарына қатыспақ. 

ҰҚШҰ ПА қатысушы – парламентшілер күзгі сессия аясында ұжымдық бейбітсүйгіш күштерді қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, ұжымдық гуманитарлық көмек көрсету басқа да өзекті сұрақтар бойынша ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселелерін талқылайды деп күтілуде.


Барлық жаңалықтар