• Басты
  • Н.Нығматулин: Елімізде төтенше жағдай енгізу қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара
16 Наурыз, 2020 11:10

Н.Нығматулин: Елімізде төтенше жағдай енгізу қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президентінің елде төтенше жағдай жариялауы қазақстанлықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді арттыру үшін жасалған мәжбүрлі шара деп есептейді.
Н.Нығматулин: Елімізде төтенше жағдай енгізу қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бүгінде Ел басшылығы тарапынан қабылданған іс-әрекеттер ең алдымен короновирус инфекциясын таратпауға бағытталған. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі жеке парақшасында жазды.

 "Президенттің бастамасымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Уақытша шектеу елімізде короновирустың таралуына жол бермеу үшін қажет",-деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс Спикернің айтуынша жағдай толықтай бақылауда. Алаңдаушылыққа бой алдыруға болмайды. Нұрлан Нығматулин сондай-ақ, қазақстандықтардың қалыптасқан жағдайға жоғары жауапкершілікпен қарап, өз денсаулықтарына баса көңіл бөлетініне, айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қолға алатынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
18.232.146.10, 192.168.88.100