• Басты
  • Н.Ноғаев: Геологиялық барлау жұмыстарына құйылған инвестия көлемі 158,4 млрд теңгені құрады
27 Мамыр, 2020 13:05

Н.Ноғаев: Геологиялық барлау жұмыстарына құйылған инвестия көлемі 158,4 млрд теңгені құрады

Геологиялық барлау жұмыстарына құйылған инвестия көлемі 158,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Н.Ноғаев: Геологиялық барлау жұмыстарына құйылған инвестия көлемі 158,4 млрд теңгені құрады

Өткен жылы мемлекет басшысының жарлығымен Экология, геология және таиғи ресурстар министрлігі құрылды. Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңа құрылған министрлікке ауысты. Министр өз сөзінде қазіргі таңда Энергетика министрлігіне қандай стратегиялық бағыттар жүктелгенін атап өтті.

"Бұл мұнай және газ саласын дамыту, стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру, электр энергетикасы, атом энергетикасы жаңартылған энергия көздерін пайдалану салалары. Әлемде таралған коронавирустың өршуі энерггетика ресурстарына да айтарлықтай әсер етті. Сондықтан біз жылдық жоспарымызды әлемде қалыптасқан жағдайға сәйкес реттеп, біраз түзетулер енгіздік", - деді министр.

Cонымен қатар министр астанада және Қазақстанның екі өңірінде тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы алғаш рет бекітілгенін атап өтті.

"Сарыарқа" магистральдық газ құбыры құрылысының арқасында Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алды. Қызылорда облысынан басталатын "Сарыарқа" газ құбыры еліміздің астанасын, орталық және солтүстік өңірлерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нұр-Сұлтан қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін ҚР Энергетика министрлігі шекті көтерме бағаны 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 24 537 теңге мөлшерінде бекітті.  

Оның сөзінше, тауарлық газға шекті көтерме бағаны ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісу арқылы бекітеді.

"Тауарлық газға шекті көтерме бағаны ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісу арқылы ұлттық оператордың тауарлық газды сатып алуға және тауарлық газды тасымалдауға кеткен шығындарына сүйене отырып, өңірлерді газбен қамтудың  экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, бекітеді. Қазіргі уақытта магистральдық газ құбырына қосу үшін жергілікті атқарушы органдар (Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының әкімдіктері) газды одан әрі халыққа беру үшін газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуде", - деді Нұрлан Ноғаев.   

Сондай-ақ министрдің сөзіне сүйенсек, Қазақстан өңірлерінде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, халыққа, өнеркәсіптік тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізді.

"Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды. Ағымдағы деңгейде бекітілген тауарлық газға шекті көтерме бағалар халық, кіші және орта бизнес, бюджеттік ұйымдар үшін тауарлық газға бөлшек сауда бағаларын тежеуге әкеледі және мультипликативті әсер ретінде жылу энергиясын өндіретін және электр энергиясын шығаратын отын-энергетикалық кешені үшін тарифтерді тежеуге ықпал етеді", - деді ол.

Оның сөзінше, бұрын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлік тауарлық газға шекті көтерме сауда бағаларын өңіріне қарай 3,8-ден 17,5% шегінде төмендеткен. 

"Бұл еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясы  мен жылуға түпкілікті бағаны төмендетуге мүмкіндік берді. Министрлік бекіткен тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 30 маусым аралығында да ағымдағы деңгейде сақталды", - деді министр.

Бұдан бөлек министр қазіргі уақытта Қазақстанда көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге арналған 235 келісімшарт, ал уран бойынша 25 келісімшарт тіркелген.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге арналған 235 келісімшарт, ал ран бойынша 25 келісімшарт тіркелген. Оның ішінде "барлауға" – 54, "бірлесіп барлау мен өндіруге" – 96, "өндіруге"– 74, "Өнімді бөлу туралы келісім" бойынша – 11. Ал уран бойынша 25 келісімшарт тіркелген", - деді министр.

Оның сөзінше, геологиялық барлау жұмыстарына инвестиялардың көлемі 158,4 млрд теңгені құраған.

"Қазіргі уақытта Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп отыр. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелері жер қойнауын пайдалануға арналған 163 келісімшартта (барлығы – 260) көзделген", - деді ол.

Министрдің айтуынша, 2019 жылғы қорытынды бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы 9,9 млрд теңгені құраған.

"Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша міндеттемелері жер қойнауын пайдалануға арналған 256 келісімшартта (барлығы – 260) көзделген. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруы 21,0 млрд теңгені құрады", - деді Нұрлан Ноғаев.   

Сонымен қоса ол жыл қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 144 мыңнан астам қазақстандық маман оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау рәсімінен өткенін айтып өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды