• Басты
  • Н.Ноғаев: Биыл 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
4 Қараша, 2019 13:57

Н.Ноғаев: Биыл 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Атырау облысында биыл 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Н.Ноғаев: Биыл 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

"Бүгінгі күні жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Жалпы 2019 жылы 15420 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Қазіргі жағдайда 17201 жұмыс орны құрылды, оның 9252-сі тұрақты. Кәсіпкерлікті қолдау картасының 2015-2025 жылдар арасында жалпы құны 3 трлн 170 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асып жатыр. Жүзеге асыру барысында 3889 жаңа жұмыс орындары ашылады. Бірінші бес жылдықта облыста 28 жоба іске қосылды. Екінші бес жылдықта 32 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде 1832 жұмыс орны жаңадан ашылмақ", - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ өңір басшысының айтуынша, шағын және орта кәсіппен айналысатын мекемелер де жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізуде. Мәселен, аталған мекемелер 128 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. 

"Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 6,3 пайызға артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49161 бірлікті құрады. Осы мекемелердің шығарған өнімдері 1 трлн 362 млрд теңгені құрап, 30 пайыз өсім көрсетті. Аталған мекемелерде 128 мың адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1000-ға жуық адамға аз. Себебі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ұлғайып, көптеген мекемелер ірі кәсіпорындар категориясына өтті", - деп атап өтті Ноғаев.

Бұдан бөлек облыс басшысының айтуы бойынша, өңірдегі денсаулық саласы да даму үстінде. Әсіресе маман жетіспеушлігі азайған.

"Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ ол да даму үстінде. Туберкулезбен, қатерлі ісікпен, қанайналым жүйесі аруларынан қайтыс болғандар саны азайып келе жатыр. Саланы кадрлармен қамтамасыз ету жүйелі түрде шешлуде. Мәселен, 2016 жылы 144 маман жетіспеген болса, атқарған қызметтердің нәтижесінде қазір бар болғаны 30 дәрігер жетіспейді. Денсаулық саласына грант бөлу, резидентураға грант бөлу секілді мәселелер көп септігін тигізіп отыр. Биыл жас мамандарды даярлауға 178 грант бөлінді, оның 130-ы резидентураға бөлінді. Сонымен қатар өңірдегі медициналық мекемелер интернет желісімен 100 пайыз қамтылды", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс басшысы атап өткендей, биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша жалпыөңірлік өнімнің де көлемінде өсу бар.

"Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпыөңірлік өнімнің көлемі 106,3 пайызды құрады. Жан басына шаққанда 10 пайызды көрсетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 103,7 пайызды құрады. Мұнай және газ өндіріру саласы да жоғары өсімді көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция 3 трлн 179 млрд теңгені құрап, 9,8 пайыз өсімді көрсетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 36,5 пайызға, тұрғынүйді іске қосу 16 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 57 млрд 674 млн теңгені құрады. Соның ішінде мал шаруашылығы 31 млрд 480 миллион теңгені және өсімдік шаруышылығы 24 млрд 502 млн теңгені құрады", - деп атап өтті.

Бұдан бөлек Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мемлекет басшысының тапсырысымен Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету шараларына қомақты қаражат бөлінген. Атап айтқанда, айқанда Жайықтың түбін 62 км тереңдету, ал Қиғашты 154 км, және балық жүретін каналдарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды