• Басты
  • Н.Дәуешов: Абай шығармалары он тілге аударылады
16 Қаңтар, 2020 12:39

Н.Дәуешов: Абай шығармалары он тілге аударылады

Абайдың шығармалары он тілге аударылатын болады. Бұл туралы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар туралы баспасөз мәжілісінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Н.Дәуешов: Абай шығармалары он тілге аударылады

"Маңызды жобалардың бірі – Абай шығармаларының жинағын  шетелдің 10 тіліне аудару және шығару. Атап айтқанда, француз, араб, ағылшын, қытай, жапон, түрік, неміс және итальян тілдеріне аударылып, 300 мың данамен жарыққа шықпақ. Сонымен қатар, Абайдың өмірі, шығармашылығы, мұрасы мен рөлі туралы үш деректі-қойылымдық фильмдерді шығару. Бүгінгі таңда Ұлттық киноны қолдау орталығына деректі фильмдерді түсіру бойынша қабылдаулар жүргізіліп жатыр. Мәдениет және спорт министрі үш деректі фильм шығаруды жоспарлап отыр. 2020 жылғы тамызда Семей қаласында этонауыл және этно мәдени кешені аумағында театрландырылыған қойылым, айтыс, дәстүрлі орындаушылардың концерттері, сирек кездесетін кітаптардың, өнер шеберлерінің қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық спорт және тағы сол секілді шаралар жаз айында өткізілмек", - деді ол.

 Сондай-ақ ол "Абай мұрасы және әлемдік руханият" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілетінін айтып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, аталған конференцияға белгілі отандық және шетелдік абайтанушы ғалымдар, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері шақырылмақ.

Сонымен қатар Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, Ұлы Абай мерейтойының ресми салтанатты ашылу рәсімі 2020 жылғы  21 қаңтарда елордада өтпек.

"Биылғы жыл қазақ үшін ерекше, айтулы жыл. Ағымдағы жыл елдігіміз бен руханиятымыз үшін аза маңызды. Мелекеттік қана емес, халықаралық дейігейде атқарылатын зор міндет жүктеліп отыр. Абай есімі, Абай мұрасы, Абайдың өнегесі мен өмір жолы әр қазақ үшін қасиетті, қадірлі. "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" деп қазақтың қамын қара басының қамынан жоғары қойған ұлы ақын шексіз құрметке ие. Биыл осы мерейтой аясында 500 ге жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Олардың ішінде ірі халықаралық және республикалық қоғамдық маңызы бар, ғылыми, ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, симпозиумдар, пленэрлер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттар, поэтикалық және әдеби конкурстар, баспасөз турлары және өзге де іс-шаралар бар", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуы бойынша, Алматы, Шымкент секілді республикалық маңызы бар қалалар мен астана, облыс әкімдіктері мерекелеудің өңірлік жоспарын әзірлеген.

Сонымен бірге оның сөзіне сүйенсек, мерейтой аясында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын музефикацияландыру және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

"Барлық оқу орындарында Абайдың өлеңдерін және қарасөздерін мәнерлеп оқу және мазмұндау бойынша  ашық сабақтар мен тақырыптық шығарма байқаулары өткізіледі. Республиканың барлық аймақтарында оқушылар үшін «Абай жеріне саяхат» атты Абай жерлеріне экскурсиялық турлар қарастырылған. Жоғары оқу орындарында ғылыми конференциялар, Абай оқулары, симпозиумдар, поэтикалық және әдеби фестивальдер, поэзия кештері, Абай өлеңдерін үздік оқу, әндерін орындау және шығармашылығын білу бойынша семинарлар мен конкурстар жоспарлануда. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылды", - деп атап өтті вице-министр.

Бұдан басқа мемлекет басышысы атап өткендей,  Абай тойы тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде тойланбақ.

"ТҮРКСОЙ" мәдениет министрлерінің отырысында "ТҮРКСОЙ" шеңберінде "2020 жыл - Абай жылы" юолып белгіленген болатын. СІМ мен халықаралық Түрік академиясымен бірге Абай еңбектерін түркі тілдеріне аудару және оны басып шығару жоспарланып отыр. Биыл қазан айында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері Париж қаласында 175 жылдыққа арналған таныстырылым концерт, өнер шеберлерінің концерті, ғылыми-тәжірибелік конференция, кинокөрсетілімдер ұйымдастыру жоспарда бар", - деді вице-министр. 

Айта кетейік, өткен жылы мемлекет басшысы Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңесте биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу жөнінде тапсырма берілген болатын. Сондай-ақ айта кету керек, ҚР Президенті 2019 жылғы 30 мамырда "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" жарлыққа қол қойды, және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілген еді. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды