• Басты
  • Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет

Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет

15 Қыркүйек, 2021 12:21

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында шағын бизнесті, әсіресе ауылдық жерлерде несиелендіруді жүргізу тапынша микроқаржылық ұйейтруетғуді еді кйейтрэуді еді әйейтрэуді еді. Осы орайда, бұл бағыттағы жұмыстар қалай іске асып жатқаны жөнінде Атамекен ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықовпен сұхбаттасқан едік. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Мемлекет басшысының тапсырмасы шағын бизнесті, әсіресе ауылдық жерлерде несиелендіру қалай жүргізілуде?

Үкімет тарапынан биыл ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруге 22 млрд тге бөлінді. Осы қаржымен 5 мыңнан астам жобаны қамтимыз. Микроқаржылық ұйымдардың әлеуетін арттыру бағытында «Атамекен» ҰКП-ы тарапынан 15 микроқаржылық ұйымы ашылды. Олар 14 облыс пен Шымкент қаласын қамтиды.

Микроқаржылық ұйымдар ауылды жерлерде және шағын қалада тұратын азаматтарға қалай беріледі және қашан жүзеге асады?

Микроқаржылық ұйымдар ауылды жерлерде және шағын қалада тұратын азаматтарға 6% -дан 7 жылға дейін несие ретінде береді. Атап өткенімдей, Үкімет тарапынан биыл бұл бағытқа 22 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатты келесі жылдың наурыз айына дейін игеруіміз керек, егер ол дұрыс игерілсе Үкіметтен тағы 50 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. 15 микроқаржылық ұйым осы жылдың сәуір айынан бастап өз лицензияларын алды. Қазір несие алу бойынша құжаттар қабылданып жатыр.

Бұл микроқаржылық ұйымдар барлық адамдарға беріледі ме? Қойылатын талаптары қандай?

Бұл микроқаржылық ұйымдардан тек «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыған адамдар несие ала алады. Яғни, несие жеке мүлік алуға және тағы басқа мәселелерге қарастырылмайды. Тек, сол «Бастау Бизнес» аясында ашқан өз кәсібін жүргізуге беріледі. Басты талап осы курстан өту керек, оның сертификаты қолда міндетті түрде болу қажет. Одан басқа бизнес жоспар бойынша ауылдық мекендерде бір адамға 12 млн теге, моноқалалдарда 18 млн теге, облыс орталықтарында 23 млн теңгеге дейін 6% -бение несіледі. Несие алушыға қойылатын талап - «Бастау Бизнес» курсын тамамдау және кепілзат болу керек. Кепілзат алатын несиесінің көлеміне қарай бағаланады. Сондай-ақ несиелік тарифы да тексеріледі, егер онда қандайда бір кінарат болса несие берілмеуі мүмкін.

Андай салаа беріледі, андай да бір шектеу барма?

Андай салаға беріледі дегенге келсек, бұл жерде ешқандай шектеу жоқ. Барлық сала бойынша беріледі. Ауыл шаруашылығында негізінен 60% -дан астамында мал, өсімдік өсіру бойынша болады. Қалған 40% -ы қызмет көрсету саласы бойынша, яғни шаштараз, кондитерлік өнім шығару, монша ашу деген сияты. Осы сәтке дейін 13 млрд теңге болатын 1,5 мың жоба қабылданды. Олар алдағы 1-2 аптада несиелерін қолдарына ала бастайды. Несие алу бойынша Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан көп өтініш түсуде.

«Бастау бизнес» жобасына тоқталып өтсеңіз. Кәсіпкерлікті оқығысы келетін адамдарға қандай талап қойылады?

Ең бастысы олар көпбалалы отбасы, аз қамтылған отбасы, жастар категориясы және еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдар болу керек. Олар оқып шыққан соң жобаларын «Атамекен» ҰКП-ы ішінде екі жыл бойы сүйемелдейді. «Атамекен» ҰКП-ы тарапынан «Бастау бизнес» жобасы бес жылдың көлемінде іске асып келе жатыр. Осы бес жыл ішінде республикалық деңгейде 150 мыңнан астам адам осы жоба бойынша кәсіпкерліктің қыр-сыры бойынша білім алды. Олардың 46 мыңы өз кәсібін ашып үлгерді. Аталған жоба еліміздің әрбір облысында, 180 аудан, 35 моноқалада иске асып келе жатыр. Оқырмандарымыз бірайлық курсты тамамдап, өз бизнес жоспарын құрастырып, кәсіптерін ашып жатыр. 2017-2020 жылғы «Бастау бизнес» жобасын тамамдаған оқырмандар қазір мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам салық төледі. Солардың арқасында 60 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды.

Несиелендіруді жүргізу бойынша кәсіпкерлерге тағы қандай қолдау көрсетілу қажет деп санайсыз?

Негізгі қосымша келесі мәселелер қамтылса деген ойым бар. Ол бірінші кәсіпкерлер көбінесе кредит алу машақатын алға тартады. Осы орайда, жеңілдету шараларын қарастыру қажет деп ойлаймын. Екінші ауылдағы ШОБ кепілсіз кредитке мұқтаж. Өйткені, ауылдағы кепілзат құны өте төмен бағаланатыны белгілі. Үшінші кредит қаржысының кәсіпкерге дер уақытында жетуі де үлкен мәселенің бірі екенін атап өткім келеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Барлық жаңалықтар