• Басты
  • Н.Бидайбек: Банк төлемдерін тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 80 мыңнан астам өтінім түсті
2 Сәуір, 2020 17:43

Н.Бидайбек: Банк төлемдерін тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 80 мыңнан астам өтінім түсті

Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына төлемдерді тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 84 345 өтінім қабылданған. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қызметті реттеу департаменті басшысының орынбасары Нұржан Бидайбек баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strаtegy2050.kz тілшісі.

Н.Бидайбек: Банк төлемдерін тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 80 мыңнан астам өтінім түсті

Оның сөзінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР президентінің тапсырмасын іске асыру үшін төтенше жағдайды енгізу кезеңінде халық пен кәсіпкерлікті қолдау бойынша бірқатар шара қабылданды.

"Төтенше жағдай кезінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету туралы қаулы қабылдады. Қаулыда халық пен кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеуге бағытталған шаралар көзделді. Төтенше жағдай кезінде екінші деңгейлі банктердің, микро қаржы ұйымдарының, ломбардтардың, онлайн кредиттеу компаниялардың жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға банктік қарыз және микрокредит бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұл есептелмейді", - деді ол. 


Сонымен қатар ол негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемді кешіктіру күнтізбелік тоқсан күннен астам өткен кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша сыйақы есептелмейтіні белгіленгенін атап өтті. Оның айтуынша, агенттік төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекітті. 

"16 наурыз  бен 15 маусым аралығында төтенше жағдайды енгізу салдарынан зардап шеккен қарыз алушыларға негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу тоқтатылады. Бұл екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, онлайн кредиттеу компаниялары, кредиттік серіктестер берген қарыздар. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары өтініш бермей, растайтын құжаттарды ұсынбай және қосымша келісімдерге қол қоймай негізгі борыш пен пайыздар сомасын төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады", - деді Нұржан Бидайбеков. 


Сондай-ақ оның сөзінше, мемлекеттік атаулы көмек туралы ҚР заңына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алатындар  өтініш бермей, растайтын құжаттарды ұсынбай және қосымша келісімдерге қол қоймай негізгі борыш пен пайыздар сомасын төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады.


"Азаматтардың үшінші санатына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар тіркеген жұмыссыздар жатады. Көрсетілген жеке тұлғалардың тізімдері ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және кредиттік бюролардың ақпараты негізінде берілетін болады", - деді ол.


Бұдан басқа ол барлық қарыз алушылар қаржылық жай-күйінің нашарлау себептерін көрсетіп, өтініш жазуға тиіс екенін айтып өтті.

"Олар карантиннің енгізілуіне байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз, ақы төленбей еңбек демалысында жүргендер, жұмыстан шыққан және еңбек шартын бұзған және өзге еңбек шартың бұзған және өзге еңбек шартын тоқтатқан, жалақысы немесе өзге кірістері төмендетілген немесе төлеуі тоқтатылған азаматтар. Сонымен бірге егер қызметкер аумағында төтенше жағдай және карантин қолданылатын жерге баруына шектеу қойылуына байланысты жұмыс орнында бола алмаған жағдайда, егер қызметкер төтенше жағдай және карантин енгізілген жерге шектеу қойылуына байланысты жұмыс орнында бола алмайтын жағдайда өтініш жазуға тиіс", - деді ол. 


Сонымен қоса ол банк төлемдерін тоқтата тұруға жеке тұлғалар, кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінен қанша өтініш келіп түскенін атап өтті.

"Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына төлемдерді тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 45,5 млн теңгеге 84 345 өтінім қабылданды. Оның ішінде 12 071 өтінім мақұлданды. Кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері бойынша екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерін тоқтата тұруға 12, 3 млн теңгеге 17 671 өтінім қабылданды. Оның ішінде 3244 өтінімі мақұлданды", - деді ол.


Нұржан Бидайбектің айтуынша, бұл сандар жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерінің келіп түсуіне байланысты әлі толықтырылады. 


Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды