• Басты
  • Н.Әбдіров: ҚР мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық көмек туралы заң жобасы жұмысқа алынды
15 Қаңтар, 2020 11:15

Н.Әбдіров: ҚР мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық көмек туралы заң жобасы жұмысқа алынды

Парламент мәжілісі отырысында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау заң жобасы бойынша қорытынды әзіреу жөнінде депутат Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Н.Әбдіров: ҚР мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық көмек туралы заң жобасы жұмысқа алынды

Оның айтуынша, ҚР мен Иран Ислам республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім өткен жылы жасалған.

"Аталған келісім 2019 жылы 12 шілдеде елордада жасалды. Келісімнің негізгі мақсаты - уағдаласушы тараптардың азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету тәртібін белгілеу болып табылады. Оның ішінде құжаттарды беру, дәлелдемелерді жинау және беру, сарапшыны шақыру, сот актілерін және төрелік шешімдерді тану және оны орындау, құқықтық ақпарат пен материалдармен алмасу", - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар ол атап өткендей, комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға, және ол бойынша 2021 жылы 24 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын.

Сонымен қатар мәжіліс отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде депутат Гүлшара Әбдіхалықова баян етті.

"Қаралып отырған заң жобасы кітапхана және баспа ісі саласын  дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу, сапасын реттеу және арттыруға, уәкілетті органның шығармашылық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін дамытуға, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.  Заң жобасымен ұлттық архив қоры архивтер туралы, мәдениет туралы және мемлекеттік мүлік туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі", - деді Г.Әбдіхалықова.

Оның айтуы бойынша, комитет заң жобасын жұмысқа алуға және заң жобасы бойынша қорытындыны осы жылдың 23 желтоқсанына дейін әзірлеуге дайын.

Сонымен қатар өз сөзінде Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар міндетті нұсқауларды орындау үшін қажет көптеген маңызды заңдарды, мемлекет басшысы тапсырма берген әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысты заң жобаларын дайындауға тиіс екендігін тап өтті.

Заң жобаларымен жұмыс істеу кезінде азаматтық қоғам өкілдерімен үнемі байланыста болып, олардың пікірі тыңдалу керек", - деп атап өтті Н.Нығматулин.

Сондай-ақ айта кету керек, Нығматулиннің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" заң жобасы, "Экология кодесі", "Соғыс жағдайы туралы" заң жобаларына өзгерістер мен түзетулер енгізу мәселелері қаралды. Айта кетейік, бүгінгі таңда жалпы Мәжіліс портфелінде 61 заң жобасы бар.

Cонымен бірге айта кету керек, мәжілісітің жалпы отырысында Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Өз сөзінде депутат Нұрлан Әбдіров былай деді: "Ол әділет басқармасында жетекші маман боп жұмысын бастады. 2004-2018 жылдар аралығында Онтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет бөлімінің бастығы, Әділет басқармасының бастығы, Қостанай облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары Әділет департаменттерінің басшысы боды. 2018 жылдың мамырынан бастап 2019 жылғы 15 қаңтардан бастап Шымкент қаласының  қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарып келеді. Қызмет атқару кезінде біліктілігі бар, сауатты заңгер ретінде өзін көрсете білді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына Ерлан Сламханұлы Дауылбаевтың кандидатурасын қолдауды сұраймыз".

Сонымен бірге Нұрлан Әбдіров Ерлан Дауылбаевтың өз саласында білікті маман екендігін атап өтті. 

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
18.232.146.10, 192.168.88.100