• Басты
  • МЖӘ дамыту – Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – А.Мамин
22 Қазан, 2019 11:51

МЖӘ дамыту – Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – А.Мамин


1 қазанда МЖӘ жобалары 3,5 трлн. теңгені құрайтын 1 253 нысанды құрады. Оның ішінде 1,6 трлн. теңгеге 615 шарт жасалды. 1,9 трлн теңге сомасындағы 638 жоба дайындық сатысында, бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды. Мемлекеттік–жекеменшік әріптестіктің қалай дамып жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
 МЖӘ дамыту – Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – А.Мамин

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының портфелі әртүрлі екенін Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 558 жобасы іске асырылуда.Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 243 млрд. теңгені құрайды.

 «МЖӘ жобаларының негізгі үлесі мектепке дейінгі салада ұсынылған. 70 жоба мектеп асханаларын басқару мен 26 жоба колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді көздесе, 14 жоба спорт зал салу, компьютерлік техниканы жеткізу мен оған қызмет көрсетуден тұрады», - деді Білім және ғылым министрі.

 Сонымен қатар, жекеменшік мектептер мен жатақханалар ашу бойынша жобалар іске қосылуда. Жобалардың жалпы саны - 226.

Өңірлер арасындағы көшбасшылар қатарында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы тұр. Батыс Қазақстан, Жамбыл және Атырау облыстарында жұмыс қарқыны өте төмен, аталған облыстарда бірде-бір мемлекеттік- жекеменшік әріптестік жобасы іске асырылмаған. 

«Жалпы, Қазақстанның білім беру саласындағы МЖӘ тетіктерін іске асыру тәжірибесіне озық деген баға беруге болады», - деді министр.

Сонымен қатар, өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 1 қазанда МЖӘ жобаларының жалпы саны 1 253, сомасы 3,5 трлн. теңге құрағанын айтты.

«1 қазанда МЖӘ жобаларының жалпы саны 1 253, сомасы 3,5 трлн. теңге. Оның ішінде 1,6 трлн. теңгеге 615 шарт жасалды. 1,9 трлн теңге сомасындағы 638 жоба дайындық сатысында», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, көптеген жоба білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына тиесілі.

«Көп қаражатты қажет ететін жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, мәдениет және спорт саласында.Ағымдағы жылғы мамырда саннан сапаға көшу мақсатында МЖӘ жобаларын санаттарға бөлу енгізілді.МЖӘ жобалары бюджеттен өтеу бойынша шартты түрде 3 санатқа бөлінді:I санат –жеке әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толықтай өтеу.II санат –бюджет есебінен инвестицияларды ішінара өтеу.III санат – бюджеттен өтеусіз. Өтеу негізінен нарық есебінен орын алады», - деді министр.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика басшысы Министрлік қабылдаған жергілікті жердегі жобалардың сапасын үйлестіру мен бақылау шараларына назар аударды.

«Бұлар: ЖАО өтеу лимиттері;жоспарланған жобаларды мониторингілеу;жобалардағы маржаны бақылау;жасалған және жоспарланған жобалардың қолжетімділігі мен ашықтығы.МЖӘ жобаларына жеке инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу үшін мынадай жаңа шаралар ұсынылады:МЖӘ «бірыңғай терезесі», «Пакеттік шешімдер», «Қайтарымды» МЖӘ, МЖӘ процестерін цифрландыру», - деді министр.

Сондай-ақ, министр экономикалық ведомство осы жаңалықтарды іске асыру үшін заң жобасының тұжырымдамасын жасап, заңнамалық түзетулер жобасын дайындалып жатқанын айтты.

«Бүгінгі күні МЖӘ орталығы базасында МЖӘ жобалары бойынша «Бір терезе» құрылды. «Бір терезе» офисінің міндеті – инвесторлармен өзара іс-қимыл, МЖӘ жобалары бойынша ақпараттық-консультациялық сүйемелдеу, сондай-ақ МЖӘ және концессия саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру», - деді министр.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта МЖӘ орталығының сайтында инвесторлар үшін жобалар базасы және МЖӘ мен концессиялар жөніндегі заңнамаларға сілтемелер орналастырылған «Бір терезе» жеке қойындысы жұмыс істеуде.

«Инвесторлар жоспарланып жатқан болсын, іске асырылып жатқан жобалар болсын, өздерін қызықтырған кез келген ақпаратты өз бетінше ала алады.МЖӘ-ні одан әрі жетілдіру мақсатында барлық рәсімдерді электрондық форматқа көшіру ұсынылып отыр. МЖӘ шарттарын жоспарлау, тендерлік рәсімдеу, әзірлеу, тіркеу мен орындау үдерісі цифрландыру мақсатында электрондық форматқа көшіріледі. Бұл жұмыстарды мемлекеттік тапсырыстар порталымен біріктіру көзделуде», - деді министр. 

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов   3 жылда жергілікті атқарушы органдар жалпы сомасы 58,9 млрд теңгеге 127 МЖӘ келісімшартын жасады.

« Тек 2019 жылы 23,5 млрд теңге сомасына 21 келісімшарт жасалды. 2019 жылдан 2024 жыл аралығында МЖӘ аясында республикалық деңгейде 838,5 млрд теңге сомасына 16 ірі аурухана салу жоспарланған, оның ішінде қазірге дейін 7 жобаны іске асыру басталды», - деді Е.Біртанов.  

Үкімет басшысы оң динамиканы атап өтіп, МЖӘ дамыту бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

«МЖӘ дамыту – Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі. Аса маңызды жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика және ТКШ, білім беру, денсаулық сақтау сияқты секторларда іске асырылып жатыр. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру қажет, оның ішінде көлік және энергетикалық, ТКШ саласында, бұл мақсатта МЖӘ дамытудың озық халықаралық тәжірибесін ескерумен заңнамаға қажетті өзгерістерді пысықтау керек», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жетекшілік ететін салаларда МЖӘ дамыту бойынша Жол карталарын әзірлеуді тапсырды. Олардың орындалу барысы Үкіметтің Жобалық кеңсесінің отырыстарында тыңдалатын болады. 

«Жалпы, бізге еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің тиімді өзара іс-қимылын жолға қою қажет», — деп түйіндеді А. Мамин.

Аягөз Құрмаш 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды