• Басты
  • МСҚ медицина ұйымдарына 54,9 млрд теңге төледі
21 Мамыр, 2020 11:10

МСҚ медицина ұйымдарына 54,9 млрд теңге төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2020 жылдың басынан бері тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін медицина ұйымдарына 54,9 млрд теңге төледі, деп хабарлайды «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
МСҚ медицина ұйымдарына 54,9 млрд теңге төледі

Жыл басынан бері Қор тарапынан елордалық медицина ұйымдарына төленген сома 54,9 млрд теңгеден асады. Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі тегін медициналық қызметтер мен МӘМС пакеті аясында көрсетілген қызметтер үшін, нақтырақ айтсақ, 35,0 млрд теңгесі – ТМККК қызметі үшін, 19,9 млрд теңге – МӘМС аясында көрсетілген қызметтер үшін төленді.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  95 медициналық мекеме Медициналық сақтандыру қорының қызмет жеткізушілері боп саналады. Олардың басым бөлігі – жеке клиникалар. Медицина ұйымдарымен 2020 жылға жасалған келісімшарттардың жапы сомасы 151,5 млрд. теңгеден асады, олардың ішінде ТМККК – 84,0 млрд. теңге, МӘМС – 67,5 млрд. теңге», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Естеріңізге сала кетейік, Медициналық қызметтерді сатып алу жоспарына енгізілген түзетулерге сәйкес, елімізде COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында ТЖ кезінде жасалған шараларға төлем жүргізуге  қосымша  6,8 млрд теңге бөлінді:  

- COVID-19 таралуына жол бермеу және коронавируспен ауырғандарды емдеу бойынша көрсетілетін көмекке – 1,8 млрд теңге;

- COVID-19 коронавируспен күрес аясында эпидемияға қарсы шараларға тартылған денсаулық сақтау субъектілері мен медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуге –  4,3 млрд теңге;

- Полимеразалық тізбек реакциясы (ПТР) әдісімен биологиялық материалдан COVID-19 вирусын анықтау үшін диагностикалық зерттеуге – 0,6 млрд теңге.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды