• Басты
  • МСҚ: карантинде тұрғындары қандай медициналық қызметтерге жүгінген
22 Мамыр, 2020 10:04

МСҚ: карантинде тұрғындары қандай медициналық қызметтерге жүгінген

Статистикалық деректерге қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин кезінде ауруханалардың қабылдау-диагностикалау бөлімдеріне барушылардың жалпы саны азайған, деп хабарлады Strategy2050.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
МСҚ: карантинде тұрғындары  қандай медициналық қызметтерге жүгінген

 Бұрын, карантин кезеңіне дейін тәулігіне 150 пациентке дейін, ал ЖРВИ сырқаты көбейетін кезде тәулігіне 200 пациентке дейін келсе, қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінушілер саны 50-ге дейін азайған. Бірінші кезекте бұл карантин шараларына байланысты: жолдар жабық, блок-посттар қойылған; нәтижесінде аймақтардан келетін пациенттер жоқтың қасы; тұрғындар арақашықтықты сақтау, қолды жиі сабындап жуу секілді қорғану шараларына және аса қажет жағдайда ғана болмаса үйден шықпауға көңіл аударды.

Карантин кезінде көбіне ішек инфекциясы, ас қорытудың бұзылуы секілді шағымдармен, ЖРВИ-мен, оның асқынуы салдарынан басқа ауруларының қозуына байланысты медициналық көмекке жүгінушілер болды. Сондай-ақ, карантин кезінде Кавасаки синдромы бар балалар стационарға түскен. Кавасаки – кардиомиопатиямен және пневмониямен өтетін өте ауыр сырқат, оларда COVID-19 тексеріліп, теріс нәтиже  берген соң, стационарда емдерін жалғастырды.

Жалпы, пандемия кезінде, қала тұрғындары өз денсаулықтарына  жауапкершілікпен қарағаны байқалады. 

Екінші жағынан,  емдеу мекемелерінде карантин жариялануы, негізінен COVID-19 ерекше назарға алынуы жіті және созылмалы аурулары бар науқастардың тексеруден өтіп, бейінді стационарға жатып ем алуына қиындық туғызды.

Елордамыздағы емханалар қызметіне келетін болсақ, төтенше жағдай уақытында емханалар өздеріне тіркелген тұрғындарға толық көлемде медициналық қызмет көрсетті. Учаскелік дәрігерлер мен салалық мамандар негізінен қашықтықтан кеңес берді. Көбіне медициналық көмекке жүгінгендер: жоғары қан қысымы (артериальды гипертензия), қант диабеті, тірек-буын аурулары бар науқастар. Балалар мен ересектерді қарайтын фильтр кабинеттер жұмыс істеді.  COVID-19 күдіктенген пациенттерді қарады. Жедел және ПТР тесттер жасалады. Сондай-ақ, учаскелік мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен 60 жастан асқан зейнеткерлерге, балаларға, жүкті әйелдерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмектері мен маскалар үйлеріне жеткізілген. 

Қадағалау нәтижесінде, карантин кезінде тұрғындардың зертханалық талдаулар, ЭКГ, пульсоксиметр, өкпені түсіретін рентген, учаскелік дәрігерлер, хирург, травматолог, эндокринолог, невропатолог мамандары секілді медициналық қызметтерге жүгінгені анықталды. Қаламыздағы ерекше ахуалға қарамастан, Қор жеткізушілері сапалы медициналық қызмет көрсетуде.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды