• Басты
  • ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді
17 Қараша, 2019 12:27

ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді


Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді.
ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді

2020 жылы бюджетті жоспарлау тәсілдері түбегейлі өзгертілетін болады. Үдерістің барлық тараптары емделушілерді емдеу үшін қанша қаражат қажет екенін түсінуі үшін облыстық денсаулық сақтау басқармаларының және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының басшылары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бюджетке қатысты келісім жүргізуде.

«Қазір аймақтық денсаулық сақтау басқармалары қаражат игеру жағын айқындап, келесі жылдың қалай жоспарланатынын түсінуі үшін біз оларды өз бюджеттерін келісуге шақырдық. Медициналық қызметтер көлемін жоспарлау тәсілдері емханаларға, ауруханаларға және диспансерлерге жеткізілетін болады. Қазір ТМККК және МӘМС пакеттерінің бюджеттерін есептеу жұмыстары жүруде. Алдын ала бюджетті біз Дүниежүзілік Банктің консультанттары ұсынған тәсілдер бойынша санадық», - деді МСҚ жоспарлау және бюджеттеу департаментінің директоры Бибігүл Мырзабекова.

Оның айтуынша, алдын ала есептелген бюджетті өңірлер зерделеп, қазіргі таңда аймақтарда бар клиникалардың қуатымен, желісімен және шығындармен сәйкестендіруі үшін өңірлерге тыңдау жұмыстарына дейін жіберілді.

«Қазір өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері қаражаттың тұтас өңірге қаншалықты жеткілікті екенін тағы бір келісу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді. Мүмкін келер жылы көрсетілетін медициналық қызметтің көлемін арттыратын желіні кеңейту, жаңа нысандар, ауруханалар мен емханалар ашу жоспарланып отырған болар. Бұл келісу рәсімі. Егер бір жерде дұрыс есеп болмаса, онда бұл мәселені қайта қарауды ұсынамыз», - деп атап өтті ол.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды