• Басты
  • Митинг туралы жаңа заң қауіпсіздікті қамтамасыз етеді – Марат Бәшімов
22 Сәуір, 2020 10:07

Митинг туралы жаңа заң қауіпсіздікті қамтамасыз етеді – Марат Бәшімов

Белгілі құқықтанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов Facebook парақшасында Сенатқа жолданған «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу туралы» заң жобасына жасалған талдауын жария етті.
 Митинг туралы жаңа заң қауіпсіздікті қамтамасыз етеді – Марат Бәшімов

1. Заң жобасы адам құқықтары саласындағы халықаралық келісімдерге, атап айтқанда, БҰҰ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабына сәйкес келеді. Себебі ең бастысы «бейбіт жиналыстар өткізуге қақы бар» деген ерік білдіру құқығы бекітілген. Бұл құқықты пайдалану тәртібі заңға сәйкес белгіленген және демократиялық қоғамда мемлекет пен қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен моральын қорғау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде қажет болатын жағдайларды қоспағанда, ешқандай шектеуге ұшырамайды». Бәрі де осы негізгі құқықтық норманы ұстануға тырысты. Халықаралық пактінің осы нормасын қайталайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 32, 39 баптары да барын ескеру керек. Бұл, тұтастай алғанда, адам құқықтары мен негізгі бостандығын қорғау туралы Еуропалық конвенцияның қағидаларына және ЕҚЫҰ нұсқауларына сәйкес келеді.

 2. Заң жобасында баяндалған бейбіт жиналыстарды өткізу туралы презумпция - ЕҚЫҰ Бейбіт жиын бостандығы туралы нұсқауларында айтылған негізгі қағидалардың бірі. Сонымен қатар «тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі» деген тағы бір қағида көрініс тапты. Заң жобасы посткеңестік кеңістіктегі ең либералды заңдардың бірі. Митингілер туралы хабарлама қағидатының мерзімі – 5 жұмыс күні. Ресей Федерациясында да хабарлама қағидаты бар. Бірақ ол жақта көпшілік іс-шара өтетін күнге дейін 10 күннен кешіктірмей хабарлау керек. Қырғызстанда - 12 күнтізбелік күн болса, бұл тәртіп Өзбекстанда - 30 күн. 

3. Сонымен қатар мысалы, көршіміз Ресей Федерациясының митинг ұйымдастырушыларына қатаң талаптар легі қойылған. Ресейде Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам белгілі бір уақыт бойы митинг ұйымдастыра алмайды. Бұл ретте 5.38 (Жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер туралы заңнаманы бұзу), 19.3 (Полиция қызметкерінің, әскери қызметшінің, федералды қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерінің, мемлекеттік күзет органдарының қызметкерінің, көші-қон саласындағы федералды мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын органдардың қызметкерінің немесе қылмыстық-атқару жүйесі органының немесе мекемесінің қызметкерінің, Ресей Федерациясының ұлттық ұланының офицерінің заңды бұйрығына бағынбау), 20.1 (Ұсақ бұзақылық), 20.18 (Көлік коммуникацияларын бұғаттау және т.б. Басқа елдерде кейбір шектеулер бар) баптарына сай жауапкершілікке тартылған азаматтар туралы сөз болып отыр. 

4. Бізде олай емес. Басында азаматтардың ерік-жігерін толық қамтамасыз ету үшін үкіметтік нұсқаны жасаушылардың өзі бұл норманы заң жобасына кіргізбеді. Бұл норма еніп кетсе, көп адамға бейбіт жииндарды ұйымдастыруға тыйым салынар еді. 

5. Көпшілік митингті тек саяси жиын деп ойлайды. Жоқ! Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың кез келген спектрін - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру салаларын да қамтуы мүмкін. 

6. Ұйымдастырудың ыңғайлылығын, инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндігін, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауды, ұйымдастырушылар мен жиналыстарға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандандырылған орындар - қалалардың орталық бөлігінде орналасуы керек. Сонымен қатар мамандандырылған орындар туралы ақпараттың ашықтығы мен объективтілігі үшін әкімдік өз интернет-ресурсында олардың тізімін жариялауға міндетті.

 7. Заңмен тыйым салынбаған жерлерде пикет өткізу мүмкіндігін заңдастыру ұсынылды. Мұндай тыйым салынған орындардың тізімі стратегиялық маңызы бар нысандармен, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қажет ететін орындармен шектеледі. Мысалы, бұл теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі, магистральдық құбырлар, байланыс желілері және басқа нысандар болуы мүмкін. 

8. Журналистердің қызметін реттейтін ереженің түгел дерлігі алынып тасталды.

 9. Бейбіт жиналыстарды тоқтатудың негізі ретінде, мысалы азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп туғызу, мүлікке, оның ішінде мамандандырылған орынның ең көп шекті деңгейінің асып кетуі салдарынан келтірілген залал сияқты жағдайлар келтірілген. Енді ол айқын әрі демократиялық сипатқа ие. Ең алдымен, қоғамдық бақылау қамтамасыз етілуі керек. 

10. Өте ауқымды жұмыс жүргізілді. Оны тек көре білу керек. Заң жобасы кедергілерге қарамастан насихатталды. Соза берсек ол заң жылдар бойы мақұлдаулардың, түзетулер мен түрлі кезеңнің шырмауында қала берер еді. Заң шығарушылық қызметті түсінетін кез келген адам мұны айтады. 

11. Заң жобасын талқылауға және әзірлеуге қалың жұртшылық белсенді атсалысты. Көптеген сайтта талқыланды. Азаматтық қоғамның заң жобасына осындай кең қатысуы жеткілікті либералды және прогрессивті құжат дайындауға мүмкіндік берді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері - Ерлан Саиров, Мұхтар Тайжан, Асылбек Қожахметов, Мұрат Әбенов, Асхат Садырбай да атсалысты. Халықаралық сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері бұл заңның барлық учаскеде ұзақ және жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Оның үстіне, заң әзірлеуші өз дегенінде тұрып алмай, әр тараппен мәселені талқылауға тырысты. Заң жобасы өзгертіліп, өте либералды сипатқа ие болды. Жаңашылдықтар енгізілді. Жалпы, әртүрлі көзқарас айтылды. Бұл дұрыс болды. Мәмілеге келді. Бұл мүдделердің тепе-теңдігін көрсетті. 

12. Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасын әзірлеуді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын. Президент тапсырмағанда демократиялық жаңа реттеу тетіктері туралы сөз болмас та еді. 

13. Жақында жаңа заң қабылданып, проблемалық сұрақтардың көбі келмеске кетуі керек. Бәрі де қолжетімді, қауіпсіз әрі ыңғайлы бола түспек. Баршамыз үшін митингтер әдеттегі әрі қарапайым сипатқа ие болары сөзсіз. Уақыт көрсетеді. «Коронавирус қашан өлетіні белгісіз. Егер қазір заң қабылданбаса, онда оны тек 2020 жылдың күзінде немесе 2021 жылы қабылдауға тура келеді. Онда сол кезге дейін 1995 жылы қабылданған заң көп адамның ашуын туғызары сөзсіз. Ондай жағдайда тәртіп сақшысы болсын, полиция, басқа да мемлекеттік органдар ескі заңның нормаларына назар аударуға мәжбүр болады. Күз - саяси қозғалыстың, парламенттік сайлауға дайындықтың уақыты. Жаңа заңның болуын олар да қолдайды. Сондықтан алға ілгерілеу бар. Бұл өте жақсы үрдіс. Төтенше жағдайдан кейін жаңа құқықтық реттеу сөз бостандығына қатысты көптеген проблемалық мәселені жеңілдететін сияқты», - деп түйді Марат Бәшімов.



 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды